Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ғимаратында облыс әкімі Н.Төреғалиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Департамент басшысы М.Байсалов, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызмет ардагерлері және мемлекеттік қызмет саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметшілер қатысты.
Салтанатты жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, халыққа сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері атап өтілді.
Мереке аясында мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д.Жазықбайдың атынан ведомстволық наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, бір мемлекеттік қызметші «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, бес мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметшілер «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша марапатталды.
Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған «Ана тілім – арым» дәстүрлі облыстық байқауының және мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының жеңімпаздары да марапатталды.
Мемлекеттік қызметті дамытуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Департаменттің бірқатар қызметкеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, адалдығын және қоғам алдындағы жауапкершілігін дәріптеуге бағытталды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру



