Мектеп қажеттіліктеріне ақша жинаудан бас тарту ата-ана Кодексінде тіркеледі
11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңында білім беру саласындағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Кездесу барысында республика бойынша мектептерде заңсыз ақша жинау, сонымен қатар «Астана – адалдық алаңы» жобасының осы бағытта жүргізген жұмысының қорытындылары туралы білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелер қарастырылды.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ, елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесі №54 мектеп-лицейін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.
Мектептің қаржылық қызметінің ішкі аудитінің қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу 60 млн. теңгені құрады, оның ішінде 10 млн. теңге қызметкерлерге үстемақы және материалдық-техникалық базаны нығайтуға 50 млн. теңге бөлінген.
Жаңа стандарттар бойынша бес жаңа кабинет: «GardenHub» көпфункционалды кабинет, коворкинг алаңы, жаңа мұғалімдер бөлмесі, студенттер үшін рекреациялық аймақ, «Intellectum» бөлмесі және «STEM» зертханасы ашылды.
Елордалық білім беру басқармасының басшысы Ануар Жангозин «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесімен бірлесіп Астана қаласының білім беру ұйымдарында қаржы жинау мәселелерін жою үшін #НЕТ_ПОБОРАМ акциясын іске қосқанын атап өтті. Бүгінгі таңда ата-аналар үшін инфографика әзірленген, ол сондай-ақ білім беру ұйымдарының барлық басшыларына жіберіледі.
«Аптаның соңына дейін бұл инфографика ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ оқу орнының кіреберісінде орналастырылады. Биылғы жылы мектептер үшін Ата-ана кодексі әзірленді, қазіргі уақытта бұл Кодекс іске асырылатын болады»,- деді Жангозин.
Жоба кеңсесі Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, оқу орындарының басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру туралы құжат әзірледі.
Жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіптік қызметтің жариялылығы принциптерін сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтауды білдіреді. Бағыныштылар үшін заңсыз әрекеттерде жеке жауапкершілік анықталады. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады, құжат – бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауапкершілікті күшейтуді міндеттейді.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар МҚІСЖҚА Төрағасының фейсбуктегі парақшасына, жеке блогына («Ашық диалог» интернет-порталы) және alik.shpekbayev@gmail.com электронды пошталарына шағымдар мен ұсыныстармен өтініш жасай алады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу