8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2021 1665 0
Өзек

МАМЫР АЙЫНДА 37 ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ COVID-19-ДАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Бүгін, 21  мамыр күні өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте Батыс Қазақстан облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайы мәлім етілді. 

гінгі таңда облысымыз бойынша барлығы 21 612 адам індетті жұқтырғаны тіркелді. Коронавирустық инфекция жұқтырғандардың 77 – пайызы, 16 674 адам жазылып шықты.  Оның ішінде 7 819 адам стационарлық, 8 855 адам амбулаториялық ем алғандар.

Өкінішке орай, 320 адам COVID-19-дан көз жұмған болса, оның шінде  осы жылдың басынан 152 өлім жағдайы тіркелді. Нақтырақ айтқанда қаңтарда – 28 жағдай, ақпанда – 15 жағдай, наурызда – 30 жағдай, сәуірде – 42 жағдай, мамырда – 37 жағдай тіркелген.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Арман  Калибековтың айтуынша, науқастардың 93,2 пайызында, яғни 138 адамда ілеспелі созылмалы аурулар болған, олардың: 70 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 12 пайзы қант диабеті бойныша есепте тұрғандар.

Бүгінгі күнгі деректер бойынша 195 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 5 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 3 пайызды құрайды.

1 123 төсек-орындық 18 инфекциялық стационарда 486 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 43 пайызды құрайды.

Инфекциялық стационарлардағы 72 реанимациялық төсек-орында 27 науқас емделуде. Төсек-орын толымдылығы 38 пайызды құрайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
59 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
105 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
59 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
289 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»