8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2129 0
Қоғам

Лидия ҚАДЕНОВА: «Хадиша апайдың театрына ризамын»

«Хас сұлудың көз жасындай, мөлдір өнер – театр» деп Ғабит Мүсіреповтің өзі айтқандай, киелі Ақ Жайық өңіріне атақты Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры келгені баршаға мәлім. 15-19 сәуір аралығында БҚО қазақ драма театрында өнер көрсеткен алматылық ұжым көрерменнің көзайымына айналып, гүл шоқтарына бөленді. Осы сапар барысында Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актриса Лидия Қаденовамен шұғыл сұқбаттасқан едік.

– Жайыққа қош келдіңіз,  Лидия апай. Алдымен сөз басын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастасаңыз деймін. Сіз бұл мақаладан қандай ой түйдіңіз?
– Әрине мақаланы оқып шықтым. Елбасымыздың ойын құптаймын, қосыламын. Мақалада ұлт мұраты, ұлттық идеология туралы жақсы айтылған. Ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті сақтап, жасампаз еліміздің өнерін, әдебиетін, тілін, дәстүрін жаңғыртуымыз керек. Қасымда жүрген, осы гастрөлдік сапармен келген әріптестеріміз Қазақ елінің барша көрерменіне  өнерді бағалап, түсінетін халыққа қызмет етіп жүрміз. Осы жастарға дұрыс тәрбие беріп, еліміз көркейіп, мәдениетіміз гүлдене берсе екен дейміз. Рухымызды асқақтату жолында аянбай еңбек етіп, бойдағы талантты дұрыс бағытқа жұмсай білсек, кейінгі толқынға бағыт-бағдар берсек еліміздің бүгіні мен ертеңіне үлесімізді қосқанымыз деп есептеймін.
– Осы сапар барысы туралы кеңірек айтып берсеңіз?
– Атақты жазушы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына 70 жыл толып отыр. Бір жыл бойы театрымыздың мерейтойын Алматы қаласында атап өттік. Осы жылғы алғашқы сапарымызды Атырау мен Құлсарыдан және Орал қаласынан бастауды жөн көрдік.  Өзім Ғабекеңнің театрына 1974 жылдың 1 наурызында келдім. Содан бері 43 жыл зымырап өтіпті. Әлі осынау қара шаңырақта еңбек етудемін. Енді, сәті түскен сапарымызға тоқталайын. Біздің  мақсатымыз­­ –- өзіміздің қазанымызда қайнап қоймай, қазақ өнерінің өрісін кеңейту. Ұлттық өнерге адал қызмет ету. Баяғыда   ауылдарды, аудандарды аралаушы ек. Айлап жүруші ек.  Ол күндер алыстап кетті.  Теледидарға біздің спектакльдер көп түспейді. Экраннан көрінбей қалғаны қаншама. Сондықтан  облыстық театрлар көрсе, көрермендер  қойылымдар арқылы рухтанса деп келіп едік. Мақсатымыз орындалды. Бес күн бойы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында аншлаг болды. Театрлар бір-бірімізден үйреніп,  жаңалық алдық.  Жалпы Оралдың қақ төрінде тұрған театрға келушілер, қызығушылар көп екен. Әрине, бұл сахна саңлағы, өнер падишасы Хадиша Бөкееваның елі! Осы театрға Хадиша апайдың атын берді деп естігенде шексіз қуандым. Шіркін-ай, өнер өлмейді, Хадишалардың рухы хас өнерді қолдайды дедік! (Актриса осы сәтте тебірене тіл қатты…) Себебі, өз басым Хадиша апамен  сыйласып, араласып тұрдым. Өнегесін алдым. Ақылын тыңдап өстім.  Жалпы, театр кімнің атында болса да халықтың алдында абыроймен жүруі керек. Қай театрда   көрерменнің көңілінен шығып, әртістері  өзіндік болмысымен есте қалуы тиіс. Осы гастрөлдік  сапарымда «Қара шекпен» әфсана қойылымында ойнадым. Содан соң  «Келіндер көтерілісі». Екеуінде де құшағым гүлге, көңілім әнге толы болды. Ертеректе мұны Сәбира апамыз ойнап еді.  «Келіндер көтерілісіне» жеті қызым мен жеті келінімді ерте келдім. Әрине сахнада. Бұл спектакльдің режиссері оралдық ұлдарыңыз Асхат Маемиров. Төрт-бес жылдан бері автор Г.Хугаевтың «Қара шекпенімен» сахнада жүрмін. «Ең үздік әйел» номинациясын иелендім.  Маған бақыт сыйлаған рөлдер өте көп.  Мысалы, «Қара шекпен» бірнеше жерде жүлделі орын алса, Түркия елінде Гран-приді иеленді. Бір труппаның арасында жастар да бар.  Мұқағали Мақатаевтың «Мен ұмытылмаймын» атты поэтикалық қойылымын Ғабит театрының жастары шынайы сомдап, көрерменнің қошеметіне бөленді.
– Қазіргі таңда дағдарыс мәселесі театрға әсер етіп тұр ма? Қоятын спектакльдер жоқтың қасы деп жиі айтамыз. Бұған қосар қандай ойыңыз бар?
– Драматургия жоқ деп жатамыз. Сондықтан аудармаға да барамыз. Байқаулар жариялап, драматург-жазушылардың жазған дүниелерін сұрыптап, көркемдік жетекшіміз бен әдебиет бөлімінің басқарушысы қарап жатады. Көбіне материалдар ер адамдарға табылады. Нәзік жанды әртістер сахнаға қабаттасып шығып, «Келіндер» сияқты бірге ойнасақ деп армандаймыз. Осы жағынан әйел актрисалардың қарны ашады. Мінекей, менің қасымда тұрған (Лидия апай грим бөлмесіндегі әріптестерін айтып өтті) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері  Тынышгүл Сұлтанбердиева, Шолпан Сіргебаева сынды сіңлілерім өкшемді басып келе жатыр. Осы театрдың орта буын актрисаларының бірі. Телехихаяларда осы қыздарым ойнап жүр қазіргі таңда. Сондықтан Шолпан, Бота, жас актриса Гүлбахрам, Динара, Райхан барлығы тележұлдызға айналып барады.
– Жалпы көңіл-күйіңіз қалай? Алматының қаһарлы қысынан аман шығып, көктемде оралдықтармен қауышып отырсыз.
– Иә, енді бұл жақтың  бес қонағынан аман-сау құтылып, Алматыма жетсем деймін (күлімсіреді). Ел­-елді аралаған жақсы ғой. Боранымен, желімен, мұзы мен көктемімен осының бәрін көргенімізге шүкір. Көзіңді мәңгілікке жұмсаң бітті ғой. Өмір деген жалғасып жатыр деген осы. Актриса ретінде ойнаған және алдағы уақытта еншіме тиетін рөлдерім  толғандырады. Рөлдің бәрін режиссер шешеді.  Қазір зейнеткерлік демалыстамын. Былтыр жұмыстан босатып, келісімшарт бойынша қайтадан жұмысқа алды.  Сондықтан теа-трда әлі де жүре тұрсам деймін. Хадиша Бөкееваның жасына жетсем деймін.  Өзіммен қатарлас әріптестерімнің де ойы осындай. Ана ретінде балам мен келінім аман сау жүріп,  немерем Диастың тойына жетсем деймін. Армансыз адам бола ма? Ұрпақтарымның заманы тыныш болса екен.   Осы сәуірдің 17 күні немереме алты ай толды. Бәрінен тәп-тәтті немеремді сағындым.
Оралдық көрермендерге өте ризамын. 15 сәуір күні Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» қойылымынан бастап, бес түрлі спектакльді сахналадық. Залға көрермен лық толды. Арасында төбе көрсетіп осы облыстың мәдениет басшысы Дәулеткерей Құсайынов інім отырды. Бірде-бір спектакльден мәдениет басшысы қалған жоқ. Театр директоры Қуаныш Амандықов ұжымымен бірге қарапайым  көрермен болды.  Әр спектакльден соң  Ғабит Мүсірепов театры мен Хадиша Бөкеева атындағы театр болып дидардасып, сұқбаттасып, ақыл-кеңес құрып, тәжірибе алмастық.  Алдағы уақытта осы жақсылықтар жалғасын таба берсін! Ақ Жайықтың ақ көңіл, мәдениеті жоғары ел-жұртына баянды бақыт, толағай табыстар тілеймін. Өнеріміздің арқасында жақсы күндерде жолыға берейік. Өз басым Хадиша апайдың театрына ризамын.

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, 
суретке түсірген автор

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
361 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
499 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
536 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
807 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
822 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
945 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1248 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1340 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1366 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1576 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1849 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2069 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2114 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2256 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»