8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2018 1764 0
Қалалықтар қаперіне

«КӘСІПКЕРДІҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІ»

Кәсіпкердің жеке кабинеті бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінен кез-келген кәсіпкер өзіне керекті мәліметті cabinet.atameken.kz сілтемесі арқылы кіріп, алуына болады.

«Атамекеннің» баспасөз орталығында өткен «Кәсіпкердің жеке кабинеті» жобасының таныстырылымында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Аспена Досмағанова  Астана қаласының кәсіпкерлеріне жаңа сервистің мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.

– Бүгінгі таңда «Жеке кабинет» қызметін 300-ге жуық кәсіпкер пайдаланады. Күн сайын пайдаланушылар саны өсуде, олардан келіп түскен ұсыныс-пікірлерді таразылап, орынды ұсыныстарға қолдау білдіреміз. Біздің міндетіміз – отандық кәсіпкерлікті қолдау және көмек көрсету, – деді Аспена Досмағанова.

«Құжаттар конструкторы» 100 құжат үлгісі тегін!

Жеке кабинет арқылы кәсіпкерлер «Құжаттар конструкторынан» құжаттар үлгісімен танысып, жұмыс барысында қолданады. Кәсіпкерге  келісім шарт жасау, сатып алу-сату немесе жалға алу, орындалған жұмыстардың актілерін дайындау үшін заңгерді жалдау керек емес. Олар кез келген жағдай үшін заң тілінде сауатты жазылған 100 құжат үлгісін ашып, жүктеуіне мүмкіндік туып отыр.

Сонымен қатар, Аспена Досмағанова «Атамекеннің» биылғы жылы қыркүйекте іске қосылған «Жедел көмек» жобасына кәсіпкерлер ғана емес қоғам тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын айтты.

– «Бизнесті құтқару қызметі» жобасы Астанадағы арнайы шағын және шағын бизнес үшін пилоттық режимде іске қосылған. 1432 нөміріне қоңырау соғып, кәсіпкерлер жедел кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады, – деді спикер.

Мобильдік топтың құрамында – «Атамекен» ҚР ҰКП, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІД және Астана қаласы ТЖД қызметкерлері бар. «Бизнесті құтқару қызметі» күн сайын 9-дан 22-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, турагенттіктер, киім тігу және жөндеу), қызмет көрсету (тамақ жеткізу, сауда) саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ жөндеу және монтаждау жұмыстарының кез келген түрлерін жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.

Бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінде бұдан басқа да қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Мәселен, «Кәсіпкелік бастамалар» – бизнес өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл қызмет арқылы кәсіпкер заң бойынша өз ұсыныстарын кең талқылауға және дауыс беру алаңына шығарады. Егер сіздің бастамаңызға көпшілік қолдау көрсетсе – «Атамекен» оларды мемлекеттік органдардың назарына ұсынады.

 «Адалдықты тексеру» сервисінің – өзінің жеткізушісі (іскер серіктесі) туралы бәрін білгісі келетіндерге арналған сервис. Бұл кәсіпкерлердің бірыңғай базасы, ол сіз ынтымақтасуға ниетті фирманың қаншалықты тұрақты екенін анықтауға көмектеседі.

«Digital КҚКО» қосымшасы бойынша-61 қызмет тегін көрсетіледі. Мұнда салық, бухгалтерлік, кедендік мәселелер бойынша толық кеңес алуға болады. Барлығы 61 қызмет тегін онлайн. Мұнда өзекті тақырыптарға арналған оқыту курстарынан өтуге болады.

«Сатып алудың бірыңғай терезесі» – сатып алуды жеңілдететін қызмет түрі. Сізге мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың барлық сатып алу алаңдары кеңінен ашылады. Тендерге қатысу үшін түрлі дереккөздерде ақпаратты іздеудің қажеті жоқ. Бір минут ішінде белгілі бір тауардың, жұмыстың немесе қызметтің орташа сатып алу бағасы бойынша ақпаратты білу қиын емес.

«Бизнеске көмек» қосымшасы арқылы бизнес-үдерістерді толығымен автоматтандыруға көмектесетін сервистер бар. Кәсіпкерлер әрқашан қосымшада қанша тауарлар сақталатынын біліп, алыстан барлық сатылымдардың, қызметкерлердің іс-әрекеттерін бақылауға болады. Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырып, жөнелте аласыз.  Ал қараша айының екінші онкүндігінде онлайн кассалық аппараттарды тегін пайдалануға болады. Бұл екі сервистің тұсаукесері қараша айында Ұлттық палатада өтеді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
43 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
259 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
752 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1129 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1062 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1489 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2105 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2272 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2278 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2327 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2333 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1977 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2812 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2869 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2862 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3472 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3444 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3430 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3408 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3618 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»