«Көркем дүниелері драмаға дайын»
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, өлкедегі қаламгерлерді ел-жұртқа насихаттау мақсатында Орал қаласы әкімдігі мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы арнайы жоба жасақтаған болатын. Осы жоба аясында жыл басынан бері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында жергілікті қаламгерлердің кештері қолға алынды. Жақсы істің жалғасы ретінде аталмыш орталықтың ұйымдастыруымен сәуірдің 14 күні танымал қаламгер, бірнеше кітаптардың авторы, 2002 жылғы халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты, 2005 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мира Шүйіншәлиеваның «Жазушы қызы Жайықтың» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Шара шымылдығы қаламгердің «Жүректегі құпия» повесінен басты кейіпкерлер Мәди мен Жәмиланың өмірінен сахналанған көрініспен түрілді. Мұңлы образды арқау еткен қойылым көңілдің көк дөненін тебіндетіп, көрерменді тебірентіп жіберді. Жәмиланың аласұрған ішкі сезімімен арпалысы, перзентханадағы жас ананың өмірден баз кешуі, бейхабар періште сәбиден әкесі Мәдидің бай, ақшалы бикешке бола бас тартуы – бәрі-бәрі тыңдаушының жан жүрегін елжіретіп, жанарына жас толтырды. Зал ішінде мүлгіген тыныштық орнады. Сөз құнарын пайымдай білген көрерменнің төрт көздері жәудіреп, сахнаға еріксіз телмірді. Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықтың режиссері Асылай Оразқызының үш бөлімнен тұратын күрделі повестен театрлық тұшымды еңбек жасағанына көпшілік таңқалды. Рөлдерді де осы орталықтың өнерпаз ұжымы, студенттер сәтті ойнап шықты.
Бұдан соң «Аққу» биін билеген қос биші залдан кеш иесін ыстық қошеметпен сахна төріне алып шықты. Өнердегі апасы, белгілі ақын-ұстаз Дариға Мұштанова сөз тиегін ағытты.
– Өнер десе, мәдениет десе елеңдеп тұратын, жүрегі жылы, көңілі шуақты зиялы қауым! Соңғы кездері Қадыр ағамның орталығында осындай шырайлы кештер көбейіп келеді. Бір-бірімізді көріп, қуанысып, кейінгі ұрпаққа, ізбасарларымызға әңгімемізді жеткізіп, өнер жәрмеңкесін жасап, бір-бірімізге шуақ сыйлап, лебізімізді айтамыз. Осындай керемет кештер салтқа, дәстүрге айнала бастағаны мені қуантады. Бүгін, міне, Қадыр ағаның шаңырағында шырайлы кештің шырағын Мира жағып отыр. Жайық өңірі өнерден кенде емес, әнші де бар, жыршы да бар, ақын да бар, ғалымдарыңыз
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кіру
Пікір үстеу