Электронды қызметке сұраныс жоғары
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл мәселе ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қатысты мемлекеттік қызметтер тізімінде 176 негізгі және 296 қосалқы қызмет түрі бар. Биылғы бірінші жартыжылдықта өңір тұрғындарына 2 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның басым бөлігі электронды түрде ұсынылды.
Атап айтқанда, ақпараттық жүйелер арқылы азаматтардың тікелей қатысуынсыз 1,4 млн қызмет көрсетілсе, электронды өтінім беру тәсілімен 675 мыңға жуық қызмет ұсынылған. Қағаз форматындағы қызметтердің үлесі 1,1%-ды ғана құрады.
Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында есепті кезеңде 252 түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылып, 16 маман кәсіби біліктілігін жетілдірді. Сонымен бірге белгіленген талаптарға сәйкес 77 ішкі бақылау жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту бағытында 2026 жылдың наурыз айынан бастап жыл соңына дейін басқарма жанынан арнайы оқыту сыныбы жұмыс істеп келеді. Мұнда «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ БҚО филиалының мамандары тұрғындарға «e-Gov» электронды үкімет порталын қолдану жолдарын оффлайн форматта түсіндіреді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі Нариман Төреғалиев жауапты мекемелерге мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін одан әрі жетілдіру және тұрғындарға ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру

