8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Желтоқсан 2024 6689 0
Қалалықтар қаперіне

«Jaña klub» орталықтары таныстырылды

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде, Батыс Қазақстан облысында жаңартылған кітапханалар қауымдастық орталықтары салтанатты түрде ашылды. Жоба аясында Байтерек ауданының Переметное және Дариян ауылдарында алғашқы «Jaña klub» орталықтары таныстырылды.

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төраға орынбасары Ләззат Чинкисбаева, қордың басқарма мүшесі София Айсагалиева, «TANA» қоғамдық қорының негізін қалаушы Камила Лұқпанова, сондай-ақ жергілікті қоғам өкілдері мен балалар қатысты. Шарада ауылдық қауымдастықтар үшін осындай жобалардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

«Қазақстан халқына» қоры, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «TANA» қоры жүзеге асырып отырған қайырымдылық жобасы аясында облыстағы 356 кітапхананың ішінен 25-і жаңартылып, қауымдастық орталықтарына айналдырылатын болады. Бұл жобамен 130 мыңнан астам тұрғын қамтылады.

Әр орталықтың кітап қоры 68 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған 800-ден аса жаңа кітаппен толықтырылады. Олардың ішінде қазақстандық және шетелдік авторлардың үздік туындылары бар.

Облыс әкімдігі орталықтарды жөндеуден өткізіп, жалпы ауданы 680 шаршы метрді құрайтын ғимараттарды жаңартты. Переметное және Дариян ауылдарындағы екі орталықты абаттандыруға 43 345 000 теңге бөлінді.

Қауымдастық орталықтары заманауи музыкалық аспаптармен, үстел ойындарымен, тігін және қолөнер жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жергілікті тұрғындарға заманауи технологиялармен қатар, білім беру және мәдени іс-шараларға арналған алаңдар қолжетімді.

«Мемлекет басшысы жастарды қолдауға және мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта облысымызда бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі кітапханаларды жаңғырту. Біздің өңірдегі кітапханаларды модернизациялау мен оларды қауымдастық орталықтарына айналдыруды «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырды. Сонымен қатар, «TANA» қоғамдық қоры оқырмандар үшін заманауи технологиялармен жабдықталған жайлы орта құрды. Мұнда жастарымыз жаңа білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа идеяларын жүзеге асыра алады», деп атап өтті Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
79 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
61 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
73 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
143 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
160 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
189 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
145 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
149 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
156 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»