8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2018 3221 0
Қалалықтар қаперіне

Исатай-Махамбет ескерткіші үшін орын белгіленді

Исатай-Махамбетке ескерткіш орнату мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. Бүгінгі таңда БҚО әкімінің қолдауымен бұл оң шешімін тауып, қаражат мәселесі шешілді. Бірақ, ескерткіштің орны әлі күнге қоғам талқысында бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ескерткіш үшін таңдалған жаңа орындағы үлгіні ұсынды.

үлгі

Батырларға арналған ескерткіш ауқымды болмақ. Сондықтан бұған дейін айтылған көп орындарға үйлеспеуі мүмкін. Сол себепті әкімдік тарапынан жаңа ескерткіш үшін Шаған жағалауы көшесіне – Исатай-Махамбет даңғылы атын беріп, жол бойындағы екі көпір қиылысына ескерткішті қою жоспарланып отыр.

– Ескерткіштің өзі 12 метрдей болады және тұғыры да биік болмақ. Бұл шамамен 5-6 қабатты үйдің биіктігіндей. Көп қалаларды мұндай монументальды ескеркіштер өзендердің жағалауына немесе қаланың кіреберіс қақпасына «визит карточкасы» ретінде орнатылады. Бұл ретте бірқатар қалалар зерттелді. Қалаға Жәңгір хан көшесімен кіргенде «Жазира» ауданы аяқталып, бір жол Әзірбайжан көшесіне, екінші бұрылыс қалаға бағытталады. Осы жерден қалаға қарай 2 шақырымнан кейін ескерткіш үшін орын белгіленіп отыр. Көпшілік бұл жердің тарлығын айтуы мүмкін. Бірақ, келер жылы біз қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізіп, бұл аумақты абаттандыруды көздеп отырмыз. Осы аумақтың оң жағы – «Құтқару станциясы», сол жағы – жайылма. Сол жерді көтеріп,  екі үлкен тынымбақ жасақталады. Ескерткіштің артқы жағынан жаяу жүргіншілер үшін көпір салуды ойластырдық, – деді қала басшысы Мұрат Рахметұлы.

Ескерткіштің эскиз-үлгілерін көрген зиялылар өз ойларын қосып, таңдалған орынның сәтті екенін және қолдайтындарын білдірді.

Қазіргі уақытта ескерткіштің жобасын сәулетші Серік Исаев дайындауда.

үлгі

үлгі

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
58 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
70 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
142 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
158 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
188 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
144 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
148 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
155 0
Бәрекелді!
Деректі фильмнің тұсауы кесілді
11 Наурыз 2026
251 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»