Өңірдің үздік тауар өндірушілері анықталды
Батыс Қазақстан облысында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы өтті. Жергілікті өндірушілерді қолдау мен өнім сапасын арттыруды көздейтін байқауға биыл 42 кәсіпорын қатысты.
Шара барысында өңірдегі өндіріс саласының даму қарқыны мен кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ көрмеде жергілікті кәсіпорындардың азық-түлік, өнеркәсіптік және халық тұтынатын тауарлары көпшілік назарына ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Конденсат» АҚ және «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында «Меко» ЖК, «Оқжетпес Life» ҚБ және «Имар» ЖК, ал «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ, «Қаз-Ақбас» ЖШС және «Маканова» ЖК жеңімпаз атанып, қаржылай сыйлыққа ие болды.
Өңірлік кезеңде үздік деп танылған кәсіпорындар енді күзде Астана қаласында өтетін республикалық көрме-байқауда Батыс Қазақстан облысының атынан бақ сынайды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру










