8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Шілде 2026 425 0
Өңір жаңалықтары

Өңірде жанар-жағармай қоры жеткілікті

Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің төрағалығымен жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.


Жиында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Көршілес елдегі ахуалға байланысты қабылданып жатқан шаралар талқыланып, әлеуметтік желілерде таралған мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалы мен жанар-жағармай тапшылығы туралы ақпараттарға қатысты бақылауды күшейту тапсырылды.

Қазіргі таңда облыста жалпы сақтау сыйымдылығы 30 973 текше метр болатын 11 мұнай базасы және 120 автожанармай құю станциясы жұмыс істейді. Жауапты мекемелердің мәліметінше, өңірдегі мұнай базаларында жанар-жағармай қоры жеткілікті. Ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
72 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
66 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
121 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
163 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»