Өңір мергендері бақ сынасты
23-30 тамыз күндері аралығында Орал қаласында садақ атудан ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының Кубогының ІІ кезеңі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша, олимпиадалық айналымнан (калассикалық садақ түрінен) Алина Ильясова І орын, Алихан Мұстафин мен Самат Сагутдинов ІІІ орын алды. Компаунд садақ түрінен Камилла Газизова І орын иеленсе, Альсаид Габдушев ІІІ орынды қанжығасына байлады. 70+70 метр қашықтықтан ату бойынша Алиса Ильясова І орын, Анастасия Солодовникова ІІІ орын иегерлері атанды. 50+50 метр қашықтықтан ату бойынша Камилла Газизова ІІ орынды еншілесе, Жанель Шадьярова мен Альсаид Габдушев ІІІ орынға табан тіреді. MIX ересектер арасында командалық есеп бойынша (классикалық садақ) Алихан Мұстафин мен Алина Ильясова І орын жүлдегерлері атанды. Ал компаунд бойынша Шамиль Сагутдинов пен Диана Габудешва ІІІ орын алды. MIX жастар арасында командалық есеп бойынша (компаунд) Альсаид Габдушев пен Камилла Газизова ІІІ орын алды. Ерлер арасында командалық есеп бойынша (компаунд) Константин Солодовников, Шамиль Сагутдинов, Артем Костин ІІІ орын жүлдегерлері атанды. Жастар арасында командалық есеп бойынша (классикалық садақ) Татьяна Каримова, Жәмиля Руслан, Анастасия Солодовникова ІІІ орын алды. Жастар арасында командалық есепте (компаунд) Альсаид Габдушев, Райымбек Жүсіпов, Данияр Жұмаев І орынға табан тіреді.
Жалпы командалық есеп бойынша БҚО командасы ІІІ орын мінберінен көрінді. Сонымен қатар, Жанель Шадьярова ҚР халықаралық спорт шеберін, Қамекен Әділет ҚР спорт шебері және Татьяна Тихонова ҚР спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.
Өз тілшіміз
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу