8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2026 304 0
Өңір жаңалықтары

Өңір дамуына бағытталған бірлескен жобалар пысықталды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышевты қабылдады . Басқосуда банк пен облыс әкімдігі арасындағы әріптестіктің қазіргі жайы сараланып, бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларға басымдық берілді. Сонымен қатар заманауи қаржылық және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, өңір экономикасына серпін беретін жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Әсіресе әлеуметтік саланы қаржыландыру мүмкіндіктерін жетілдіру мәселесіне назар аударылды.

Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен экономикалық бастамаларды ілгерілету және әлеуметтік бағыттағы жобаларды қаржыландыру тетіктерін одан әрі пысықтау жөнінде уағдаласты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
104 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
156 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
184 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»