8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2020 2517 0
Қоғам

«ІНДЕТКЕ БІРЛЕСІП ҚАРСЫ ТҰРУ – ОРТАҚ МІНДЕТ»

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Елбасы мақалада тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырғанын осы жағдайда мем­лекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын жеткізді және  халықты қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлі­гімізден айрылмауға шақырған болатын.  Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласына қатысты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Саялбек Ғиззатов пікір білдірді. 

 

– Елбасы Н.Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында елімізде және әлемде қалыптасқан қиын жағдайға қатысты өзіндік сараптамасын жасаған. Қазіргі кезеңдегі короновирус пандемиясының адамзат үшін қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіре отырып, Қазақстан халқын сабырлылық пен төзімділікке шақырған.

Елбасының өз мақаласында тарихта «миллиондаған адамдарды баудай түсірген індеттер аз болмаған» деп көрсетуі бізді өткенге көз жүгіртуге итермелейді. Расында да қазақ халқы өз тарихында көптеген індеттер мен нәубеттерді басынан кешірді. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, сүт, ет секілді таза табиғи өнімдермен қоректеніп, ат құлағында ойнаған ата-бабаларымыздың иммунитеті мықты болды. Алайда ауру-сырқау көп жағдайда көршілес елдерден келетін еді. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы, жаңа заманда көршілес Ресей империясы арқылы тараған індеттер мыңдаған адамдардың өмірін қиды. Ал ХХ ғасырда қазақ даласында жаппай белең алған оба, тырысқақ, шешек аурулары көптеген жанұяларды жақындарынан айырып, зар жылатты. Осындай түрлі індеттер мен нәубеттерге қарамастан ата-бабаларымыз осынау ұланғайыр атырапты бізге аман-есен жеткізіп берді.

Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласындағы тағы бір ой адамдардың қашықтан жұмыс істеуімен байланысты болып отыр. Қазіргі таңда көптеген қызметкерлер дәстүрлі қағазбастылықтан арылып, карантинге байланысты онлайн режимде қашықтан қызмет көрсетуге көшті. Бұл өз кезегінде ғылым мен технологияны дамытуға жол ашары сөзсіз. Өйткені түрлі компьютерлік бағдарламалар, байланыс контенттері, мобильді қосымшалар тұрғындардың, соның ішінде жастардың ғылыми ізденісіне бағыт-бағдар сілтейді деген сеніміміз мол!

Атамыз қазақ «Үш нәрсенің алдын ал: аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта қозған даудың алдын ал» деп бекерге айтпаған. Сондықтан бұл індетке бірлесіп қарсы тұру – ортақ міндет! Ол үшін мемлекет тарапынан қабылданып отырған шараларға қолдау көрсетіп, тәртіпке бағынуымыз қажет! Біз біргеміз, – деді доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғиззатов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»