ЕУРООДАҚ ЖӘНЕ БІРҚАТАР ЕЛДІҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастаған дипломатиялық делегацияны облыс әкімі Нариман Төреғалиев қабылдады.

Кездесуге Австрия, Бельгия, Кипр, Финляндия, Франция, Латвия, Литва, Португалия, Сербия, Испания және Канаданың елшілері, сондай-ақ Эстония, Польша мен Швейцарияның уақытша сенімді өкілдері қатысты. Кең құрамдағы бұл басқосу Қазақстан мен халықаралық серіктестер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.
Кездесу барысында тараптар инвестициялық байланыстарды кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы мұндай сапарлардың халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға серпін беретінін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатқа ие екенін ерекше атап өтті. Осы бағыттағы міндеттерді орындау аясында облысымызда шетелдік инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бірқатар Еуропа мемлекеттерімен және басқа да елдермен берік экономикалық байланыс орнатқан. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің Еуропалық Одақ елдерімен тауар айналымы 5 миллиард АҚШ долларынан асты, – деді Нариман Төреғалиев.
Өз кезегінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич Қазақстанның Еуропалық Одақ үшін сенімді әрі маңызды серіктес екенін айтып, өңірлермен тікелей байланыс орнатудың маңызына тоқталды.
– Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Біз өзара ықпалдастықты одан әрі күшейтуге мүдделіміз. Өңірлерге сапардың негізгі мақсаты – жергілікті мүмкіндіктермен танысып, жаңа серіктестік бағыттарын айқындау. Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси реформалар мен жаңғыру үдерістерін де үлкен қызығушылықпен бақылап отырмыз, – деді Алешка Симкич.
Кездесу барысында дипломаттар өңірдің инвестициялық ахуалы, өнеркәсіптік әлеуеті, логистикалық мүмкіндіктері және инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде пікір алмасты. Аймақ басшысы биыл облыс экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отырғанын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынын жеткізді.
Жүздесу өзара сенімге негізделген ашық диалог форматында өтіп, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ортақ ұмтылысты айқындады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру