ЕЛЕУСІНОВ ТУРНИРІНІІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ХХХІ жазғы РИО олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесіне арналған ересектер арасындағы халықаралық турнир бүгін мәреге жетті. Турнир жеңімпаздарын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтап, марапаттады.

Орал қаласында ұйымдастырылған төрт күндік додаға Нұр-Сұлтан қаласының, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының және Өзбекстан мен Қырғызстан Республикаларының командалары бойынша 76 боксшы жиналып, 10 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңда баптары мен бақтарын сынға салды.
Нәтижесінде 49 келі салмақта Қызылорда облысынан келген Дулат Дәуітов, 52 келіде батысқазақстандық Нұрсұлтан Нұриденов, 56 келіде батысқазақстандық Сағындық Молдашев, 60 келіде Ақмола облысының спортшысы Сұлтан Мусинов, 64 келіде ақтөбелік Рахат Сейітжан, 69 келіде Өзбекстан Республикасының боксшысы Саиджамшид Жаффаров, 75 келіде ақмолалық Владислав Преображенский, 81 келіде Маңғыстау облысынан Ерік Әлжанов, 91 келіде ақтөбелік Жәнібек Қартабаев, 91 келіден жоғары салмақта Түркістан облысынан Нұрлан Сапарбай бірінші орындарды иемденді.
Дәстүрлі турнир жүлдегерлері ҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының арнаулы грамота, медальдарымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу