8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2019 2264 0
Спорт

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

 «Діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шараларын өткізу» жобасы аясында 6 шілде – Астана күніне орай діни бірлестіктер арасында шағын футболдан турнир өтті.

Шараға жеті команда қатысты. Мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануды, патриоттық сезімді, өзара сыйластықты, жауапкершілікті насихаттау. Шараның ашылу салтанатында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбырайымұлы және ұйымдастырушылар атынан «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Айдарханов Саят Қайратұлы құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылар өз тараптарынан аталған ойын ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды «Жас өрен» командасы, 2-орынды «Орал жастары», 3-орынды «Қабыршақты» командалары алды.

Сонымен қатар, ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»