08 Шілде 2026 247 0
Экономика«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды
«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтті. Онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады.

Жиынның негізгі тақырыптары аймақтар арасындағы айырмашылықты азайту, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, экология және энергетика мәселелеріне арналды. Сессия барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік даму мәселелерін бүгінде тек экономикалық көрсеткіштер арқылы ғана емес, қабылданған шешімдердің халықтың күнделікті тұрмысына қаншалықты оң әсер етіп отырғаны тұрғысынан да бағалау қажет екенін атап өтті. «Өңірлердің дамуын тартылған инвестиция көлемімен немесе жүзеге асқан жобалар санымен ғана емес, әрбір қала, аудан мен ауылдағы тұрғындардың өмір сүру сапасының нақты жақсаруымен бағалау маңызды», – деді ол. Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев өңірлердің дамуындағы теңсіздікті қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі аясында елді мекендердің инфрақұрылымдық нысандармен және қызметтермен қамтылу деңгейі 68 пайызға жеткен. Дегенмен қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі де байқалады. Бұл инфрақұрылымды одан әрі дамытып, базалық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді. Пікірталас барысында қатысушылар өңірлердің тең дәрежеде дамуына ықпал ететін қосымша тетіктерді талқылады. Ulagat Consulting Group директоры Марат Қайырленов өңірлерге инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ал Қарағанды облысы басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрайымы Ирина Юртанова тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Басқосу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, сондай-ақ экология мен энергетика саласындағы өзекті мәселелерге де ерекше назар аударылды. Жиынды қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мемлекеттік өңірлік саясаттың басты өлшемі оның нақты нәтижесі болуы тиіс екенін атап өтті. Сессияға қатысушылар түскен ұсыныстарды жинақтап, оларды өңірлік саясатты жетілдіру мәселелерін талқылау барысында қарастыру туралы келісімге келді.
Соңғы жаңалықтар
Экономика
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі «Кублей» ет өңдеу кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты
14 Шілде 2026
74 0
Спорт
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті болып сайланды
13 Шілде 2026
120 0
Білім
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
13 Шілде 2026
99 0
Закон и Порядок
Робот-собака, Тәртіпбек и Тазабек на «BaiQymyz–2026»: акцию «Закон и порядок» провели на гастрофесте в Астане
11 Шілде 2026
172 0
Қалалықтар қаперіне
Қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді
11 Шілде 2026
177 0
Өңір жаңалықтары
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды
11 Шілде 2026
158 0
Заң және тәртіп
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді
10 Шілде 2026
187 0
«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
10 Шілде 2026
183 0
«Әділет» партиясы
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
10 Шілде 2026
181 0
«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясында білім беру, мәдениет және креативті индустрияны дамыту мәселелері талқыланды
09 Шілде 2026
211 0

Кіру