03 Шілде 2026 437 0
Без рубрикиБизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерге қолдау көрсету шаралары «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесі отырысының негізгі тақырыптарына айналды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиында бизнестің, салалық қауымдастықтардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қазақстандық өндірісті дамытуға қажет жүйелі өзгерістерді талқылады.
Отырысты ашқан Айбек Дәдебай жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен мемлекет дамуының жаңа кезеңі басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңда бекітілген қағидаттар жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс орындарын ашу және отандық бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы экономикада нақты көрініс табуы тиіс. Кейінгі он жылда өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі шамамен 50 пайызға өсіп, ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,2 пайыздан 13 пайызға дейін артты. Келесі кезеңнің міндеті – үстінен қосылатын құны жоғары өнім өндіретін өндірістерді дамыту. «Қосылған құн – XXI ғасырдың жаңа мұнайы. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіп туралы әңгіме – Қазақстанның экономикалық дербестігі туралы әңгіме деген сөз. Интеллектіні, технологияны және дайын өнімді экспорттайтын мемлекет әрдайым өз болашағын өзі айқындау ісінде әлдеқайда көп мүмкіндікке ие», – деді Айбек Дәдебай. Күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру. Іскерлік кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл жүйе отандық өндірісті дамыту ісін ынталандыруы тиіс. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті өнім өндірісін жолға қою деген сөз. Мәселен, Саяси кеңес бюросының мүшесі, «Универсал» компаниясының басшысы Замира Кузиева жеткізушілерді тек тауардың шығу тегіне қарай емес, олардың Қазақстан экономикасына қосқан үлесіне қарай бағалауды ұсынды. «Мемлекеттік сатып алу жүйесі тек тауарлар мен қызметтерді сатып алу тетігіне емес, сонымен бірге отандық өнеркәсіпті дамыту құралына айналуға тиіс», – деді ол. Ал «Каустик» АҚ-ның бас директоры Ермек Тоқмағамбетов қолдау шараларын толықтыруды ұсынды. Оның айтуынша, кәсіпорын отандық шикізатты өңдейді, өнімдегі локализация деңгейі 95 пайыздан асады, ал өндірісті дамытуға салынған инвестиция көлемі 100 миллион АҚШ долларынан асып отыр. «Елішілік құндылықтар деңгейін ескере отырып, өндірушілерді санаттарға бөлу жүйесін енгізу, сондай-ақ локализация деңгейі жоғары кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын басымдықпен ұсыну қадамдарын қарастыру қажет», – деді Ермек Тоқмағамбетов. Қатысушылар ішкі нарықты тиімді қорғап алмайынша, локализацияға қолдау көрсету мүмкін емес екенін жеткізді. Қазақстандағы цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының басшысы Ғылымхан Қали ұлттық стандарттарды жаңарту қадамы сапасыз цемент импортының көлемін қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Ал «Адал Тауар» қауымдастығының төрағасы Гүлмира Уахитова былтыр Қазақстанда 205 мыңнан астам контрафактілік өнім бірлігі анықталып, заңсыз айналымдағы 8,6 миллион қорап темекі өнімі тәркіленгенін мәлімдеді. «Адал еңбек ететін бизнес заңды қасақана бұзатындармен бәсекелесуге мәжбүр болып отыр Ең негізгі мәселе – осы», – деді Гүлмира Уахитова. Іскерлік кеңес барысында айтылған барлық ұсыныс іс жүзінде жалғасын табуы тиіс. Айбек Дәдебайдың айтуынша, әрбір өнеркәсіптік жобаның артында кәсіпкерлер, инженерлер, жұмысшылар және олардың отбасылары тұр. Сондықтан отандық өндірісті дамыту қадамы еліміздің әрбір өңірінде нақты нәтиже беруі қажет. «Конституция нормаларын кәсіпкерлер, инженерлер, жұмысшылар, инвесторлар және әрбір қазақстандық отбасы нақты сезінетін шешімдерге айналдыру маңызды», – деді партия Төрағасы. Ол QR-код арқылы онлайн форматта қазақстандықтар өз бастамаларын ұсынып, мәселелері туралы хабарлай алатынын еске салды. «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесі мүшелерінің барлық ұсынысы алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының Ақ кітабына (White Paper) біріктіріледі. Құжатқа бизнес өкілдерінің бастамалары, сарапшылардың ұсынымдары және оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспары енгізіледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Toqaev2026
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
23 Қазан 2026
60 0
Жол / Құрылыс
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
23 Қазан 2026
77 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
23 Қазан 2026
70 0
Toqaev2026
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
23 Қазан 2026
85 0
Toqaev2026
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
22 Қазан 2026
99 0
Жол / Құрылыс
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
19 Қазан 2026
159 0
Toqaev2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
19 Қазан 2026
159 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
19 Қазан 2026
163 0
Жаңалықтар
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
19 Қазан 2026
164 0
Өңір жаңалықтары
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
17 Қазан 2026
221 0
Без рубрики
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
16 Қазан 2026
247 0
Toqaev2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2026
275 0

Кіру