Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім кию құқық бұзушылық болып саналады.
Сонымен қатар бұл норма қолайсыз ауа райы жағдайларында, медициналық көрсетілімдер болған кезде, қызметтік міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабына сәйкес мұндай құқық бұзушылық алғаш рет жасалған жағдайда ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген. Қазіргі уақытта облыс аумағында аталған талаптарды бұзғаны үшін бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті бұл талаптардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқық қорғау органдарының қызмет тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтіп, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.
polisia.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру