8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2026 266 0
Өңір жаңалықтары

Бейбіт күннің батырларына құрмет

Орал қаласында құтқарушылардың еңбегін ұлықтап, ерлігіне тағзым етуге арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Қос даңғылдың қиылысында «Құтқарушылар аллеясының» ашылу рәсімі өтті.

 

Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, азаматтық қорғау саласының қызметкерлері мен ардагерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында облыс әкімі жаңа нысанның ашылуымен көпшілікті құттықтап, мемориалдық кешеннің бейбіт заманда ел қауіпсіздігін қорғап жүрген мамандарға көрсетілген құрметтің белгісі екенін айтты.

Нариман Төреғалиев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құтқарушы мамандығының қоғамдағы беделін арттыруға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Сонымен бірге 2025-2026 жылдары азаматтық қорғау саласын дамыту және оның материалдық-техникалық мүмкіндіктерін күшейту үшін жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді.

– Бұл қаражат құтқарушылардың қызметтік міндеттерін қауіпсіз әрі нәтижелі атқаруына жағдай жасауға бағытталған нақты қолдаудың бір көрінісі, – деді облыс әкімі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов аллеяның бой көтеруіне қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыс білдірді. Оның пікірінше, жаңа орын тұрғындардың тынығуына арналған кеңістікпен қатар, қызмет барысында ерлік көрсеткен құтқарушыларды еске алатын тағылымды мекенге айналады.

Аумағы 1,6 мың шаршы метрді құрайтын аллеяда екі субұрқақ орналасқан. Оның бірінде өрт сөндірушінің мүсіні қойылса, екіншісінде XIX ғасырда қолданылған өрт сөндіру қол сорғышы бейнеленген. Қоғамдық кеңістік көгалдандырылып, абаттандырылды.

Аллеядағы мемориалдық тақтаға төтенше жағдайларды жою кезінде қаза болған құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің суреттері орналастырылған. Ашылу рәсімінде олардың есімдері құрметпен аталып, рухтарына тағзым жасалды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
148 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
141 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
186 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»