8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2026 282 0
Білім

Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды

 Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевпен кездесу өткізді. Басқосуға облыстық білім басқармасы мен бала құқықтарын қорғау басқармасының басшылары қатысты.

Кездесуде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, балалар арасындағы буллингтің, құқық бұзушылықтардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары сөз болды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қажетті көмекті уақтылы көрсету мәселесіне де басымдық берілді. Бұл ретте балаларды ведомствоаралық сүйемелдеу және оларға атаулы қолдау көрсету тетіктері талқыланды.

Сонымен қатар өңірдегі білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығы қаралды. Жиында мектептер мен басқа да білім нысандарының әзірлігіне, сондай-ақ оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру нысандарын жаңа оқу жылына сапалы дайындау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
92 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
143 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»