БҚО-ДАҒЫ САУЫҚТЫРУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ЖАБЫЛАДЫ
БҚО-дағы М.Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп-интернаты таратылады. Бұл туралы бүгін, 11 маусым күні облыстық білім басқармасы мәлім етті.
Туберкулез ауруымен сырқаттанған немесе науқастармен байланыста болғандарды сауықтыруға арналған мектеп-интернаттың таратылуына оқушы санының азаюы негіз болып отыр. Жобалық қуаттылығы 330 орынға есептелген мектеп-интернатта биылғы оқу жылын 125 оқушы аяқтаған. Әрі диспансерлік есепте тұрған бір ғана бала болған. Ол – биылғы жылдың түлегі.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева кейінгі бес жылға мониторинг жасалғанын айтты. 2016-2017 оқу жылында – 263 оқушы, 2017-2018 оқу жылында – 251, 2018-2019 оқу жылында – 224, 2019-2020 оқу жылында – 212 оқушы білім алған. Ал биылғы оқу жылын 125 оқушы аяқтаған болса, олардың 22-сі – түлектер.
– Бұл санаторлық мектеп екені баршаға белгілі. Отбасында біреулер ауырған болса, ол бала мектепке орналастырылып, ол баланың денсаулығын түзету үшін сауықтыру бағытындағы шаралар жүргізіледі. Соңғы екі-үш жылға зерделеу жүргізілді. Ондағы балалар тікелей ата-анасы ауыратындар емес, жақын туыстары немесе көршілерінің ауырғаны себепті орналастырылғаны нақтыланды. Балалар инфекциялық топқа жатпайды. Дәрігерлердің айтуы бойынша олардың дені сау, оларға мұнда ем тағайындалмайды, тек сапалық құрамы жағынан күшейтілген мәзірмен тамақтандырылады. Әрі мектепке балалар тек бір жылға жолдамамен келеді. Балалардың барлығына медициналық құжаттама толтырылады. Оқушылар өз мекенжайлары бойынша мектептерге орналастырылады. Бұл білім басқармасының негізгі бақылауында болады, – деді Светлана Ибрагимқызы.
Мекемеде 145 қызметкер бар. Олардың ішінде 59-ы – педагог, 68-і – кіші қызметкер, 18-і – көмекші қызметкер. Мекеменің таралуына байланысты барлық қызметкерлерге ҚР-ның Еңбек Кодексіне сай қажеті төлемдер жүргізіледі. Сондай-ақ білім басқармасының өкілі қазіргі уақытта облыстық басқармаға бағынысты мекеме-ұйымдардағы бос орындар туралы мәліметтер жинақталып жатқанын және осы орындар қызметкерлерге ұсынылатынын жеткізді. Бұл орайда білім басқармасы тарапынан жұмыс тобы құрылып, алгоритм жасақталған.
Ал М.Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп-интернаты ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, орнына қазіргі уақытта қала сыртында орналасқан «Білім-инновация» лицейі көшіріледі. Бұл лицей оқушылар контингентін 500-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мектеп-интернат алғаш 1962-1963 оқу жылында 8 жылдық мектеп негізінде Орда ауданының Орда ауылында ашылған. Ал Орал қаласындағы ғимаратқа 1974 жылы 15 қазанда Орал қаласына көшіріліп, Орал облыстық сауықтыру мектеп-интернаты болып аталды. 1979 жылы азаткер ақын Махамбет Өтемісұлы есімі берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру

Пікір үстеу