Бәйтеректей жайқала бер, БӘЙТЕРЕК!
Бүгін, қыркүйектің 28- жұлдызында Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орай, «Құт мекенім-Бәйтерегім» атты тамаша шара өтті.

Өмірі тұтас тарихқа толы ауданның маңызды шарасына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімі Марат Тоғжановқа облыс әкімінің «Алғыс хатын» салтанатты жағдайда табыс етіп, мерейлі мерекеге арналған көрмелер мен жәрмеңкелерді аралады.
Осынау сәтті асыға күткен ардагерлер мен шақырулы қонақтарды алдымен Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов ресми түрде қабылдап, бәйтеректей жайқалған Бәйтеректің 85 жылдығына қош келдіңіз айтты. Бұдан соң кезінде осы ауданды басқарып, өркендеуіне үлес қосқан ел ағалары Табылғали Сатқанов, Ғайса Қапақов және зиялы қауым атынан жазушы, редактор, Ұлттық Құрылтайдың БҚО бойынша мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин сөз алып, жылы лебіздерін жеткізді.
Күмбірлеген күй тартылған жиыннан соң меймандар Переметное ауылының маңында өтетін іс-шараларды тамашалауға барды. Дала төсіне тігілген сахнадан ән- күй шалқыды. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев барша өңір халқын айтулы мерекемен құттықтап, қыста қорадағы малын жем-шөппен сақтап, көктемде алып комбайндармен жер жыртып, жазда жайқалған ақ бидайын қоймаға жинап, күзде егілген бау-бақшадан мол өнім алып, тірлік пен татулықтың арқасында бір қауым ел болып отырған көп ұлтты бәйтеректіктерге алғысын айтып, аймақтың экономикасы мен мәдениетіне, руханиятына зор үлес қосқан сала мамандарына, қарапайым еңбек адамдарына БҚО әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.

Бұдан соң барша жерлестеріне ақ тілегін жолдаған аудан басшысы Марат Лұқпанұлы алдымен өлкенің 85 жылдық тарихына тоқталды. Әр жылдарда осы ауданды басқарған әкімдерді атап өтті. Бірлігі жарасқан Бәйтеректің қызметкерлеріне сый-сыяпат көрсетті. Оюлы киіз үйлер тігіліп, балуандар күш сынасып, ұлттық ойындар ойналып, көкпар тартылды. Алтыбақан аясында балалар асыр салды. Аудан өнерпаздары рухты оятар әндер шырқап, көрерменге шалқыған көңіл сыйлады.

Иә, алтын күздің шұғыласы көктен төгілген шақта Бәйтерек ауданының 85 жылдығы осылайша өз мәресіне жетті. «Жақсыны көрмекке» деп, көл-көсір игі-істі өз көздерімен көріп, куә болған барша тұрғындар жайдарлы мерекені жан-жақты ұйымдастырған аудан әкімі Марат Тоғжановқа және «Бітер істің басында, жақсы жүрер қасында» дегізген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиевке, т.б ризашылықтарын білдірді. Сөйтіп, бұл күні қуанбаған, жүлде алмаған жан қалмады. Еңбектеген сәбиден, еңкейген кәріге дейін бақытқа бөленіп, тамыры тереңге жайылған Бәйтерек ауданының гүлдей жайқалып құлпыра беруін тіледі.
М. ШҮЙІНШӘЛИЕВА,
«Жайық ҮНІ»
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
