8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2024 3332 0
Спорт

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Павлодар қаласында бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі әрі осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 90-нан астам тұлпар қатысты.

Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры — 24 900 000 теңге.

«Бұл бәсеке – бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр. Ат жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен ең үздік жылқылар жиналды. Олар бәйгенің төрт түрінен, яғни құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс аталымы бойынша сынға түседі. Әр бәйге түріне шамамен 25 тұлпар қатысып жатыр. Бұл аттардың жағдайы жақсы, алдағы үлкен додаға дайын деп айта аламын», – деді «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан бәйгеден бірінші орын алған Қамысқұлақ атты тұлпардың шабандозы Асланбек Абдықал жеңіс жолында бапкердің кеңесі көмек болғанын айтады.

«Бапкердің айтуымен жүріп отырдым. Ол маған жарыс бастала сала алдыңғы топта отыруға кеңес берді. Соңғы айналымда бірінші болып  алға оздым. Мәреге бес жүз метр қалғанда артымнан тағы бір ат келе жатты. Жетіп ала ма деп қорқып едім, бірақ мен бірінші келдім. Енді көшпенділер ойындарына дайындаламын», – деп атап өтті жас шабандоз Асланбек Абдықал.


II орынды
Найза атты құнан алды, шабандозы Арнат Мұратхан. Жүлдегерлер үштігін Айшуақ есімді атқа мінген Аңсар Арыстанбек тәмамдады.

Топ бәйгеде Ғасыр атты сәйгүлік, Алихан Жәнібекұлын есімді шабандозымен үздік атанды. II орынды Равшан, шабандозы Ділнұр Нұрмұқаш иеленді. ІІІ орынды шабандоз Қаиржан Әлихан Тәуекел атты тұлпарымен жеңіп алды.

Жорға жарыс қорытындысына келсек: I орынды иеленген Орда, шабандозы Юрий Лымарь. II орын Выпуск, шабандозы Ануарбек Абдрахманов. III орын Ақжауын, шабандозы Ербұлан Тілеғалиұлы.

Аламан бәйге нәтижесі бойынша – І орынды Софлор Лэнд есімді айғыр иеленді, шабандозы Амир Аманұлы, ІІ орынды Береке есімді жылқы, шабандозы Иринат Санжарменжеңіп алды. ІІІ орында Шайкүрең атты тұлпар  шабандозы Арнат Мұратхан.


Іс-шараның серіктестері – ҚР Ұлтық спорт қауымдастығы, Республикалық «Бәйге» федерациясы және Павлодар облыстық әкімдігі.

Еске сала кетейік, Республикалық «Бәйге» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Аударыспақ», «Көкпар», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жолдау
Жолдаудан жарқын болашақ күтеміз
06 Қыркүйек 2024
712 0
Қалалықтар қаперіне
Қарасора өсіруге арналған фитолабораторияны тапты
06 Қыркүйек 2024
744 0
Жолдау
Ел болашағына жол сілтейді
04 Қыркүйек 2024
882 0
Қалалықтар қаперіне
Қосалқы электр стансасы іске қосылды
04 Қыркүйек 2024
886 0
Құттықтаймыз!
«Жұлдыздықтар жаңа қоныста!»
31 Тамыз 2024
1193 0
Спорт
Арқан тартысып, гір көтерді
30 Тамыз 2024
1273 0
Құттықтаймыз!
103 отбасыға жаңа үйдің кілті берілді
30 Тамыз 2024
1308 0
Бәрекелді!
Ата Заңым – айбыным!
30 Тамыз 2024
1300 0
Қалалықтар қаперіне
Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі
29 Тамыз 2024
1906 0
Қалалықтар қаперіне
Екі-ақ шақырым қалыпты
22 Тамыз 2024
1889 0
Дені сау ұлт
«Спорт күні» жоғары деңгейде өтті
15 Тамыз 2024
2465 0
Қалалықтар қаперіне
Ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
09 Тамыз 2024
2973 0
Құттықтаймыз!
Ел азаматы жетпіске толды!
07 Тамыз 2024
3142 0
Бәрекелді!
ЕЛДОС ЕРЛЕДІ!
28 Шілде 2024
2933 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»