Азаматтық борышты өтеу – парыз
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазір Орал қалалық қорғаныс істері басқармасында комиссия жұмысы қызу жүруде. Бүгінгі күнге дейін 300-дей жас тексерістен өткен.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес сәйкес, күзгі әскерге шақыру 1 қыркүйектен басталып, 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Әскерге шақырылушылар ішінен тексерістен өткендер бірінші кезеңде ҚР ҰҚК Шекара қызметін, екінші кезеңде – ҚР Қорғаныс істері министрлігінің әскери бөлімшелерін, үшінші кезеңде ҚР-ның Ұлттық Ұланы қатарын толықтырмақ. Болжам бойынша Отан алдындағы борыштарын өтеушілердің алғашқы легі қыркүйектің орта шамасында әскерге аттанады.
– Қазіргі қалалық комиссиядан өткендердің 90 пайызы Отан алдындағы борышын Шекара қызметінде өтеуге жіберіледі. 10 қыркүйектен бастап облыстық жинақтау пунктіне әскери бөлімдерден келген өкілдермен әңгімелесуге жолдаймыз. Азаматтарды әскери бөлімдерге орналастыру және іріктеу кезінде олардың әскерге шақыртылуына дейінгі мамандықтары ескеріледі. Жинақтау эксаумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Яғни, оралдықтар Батыс Қазақстан аумағында қала алмайды. Олар Атырау, Ақтау қалаларында және Алматы мен Қытай шекарасында, Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында әскери борыштарын өтейді. Сондай-ақ осы уақытта Алматы мен Астана қалаларында орналасқан Мемлекеттік күзет қызметінің президенттік полктеріне таңдау жасалады, – деді басқарманың келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметке шақырту бөлімінің бастығы, аға лейтенант Бейбіт Ғалиев.

Басқармада әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын анықтауға қажетті жабдықтар мен тиісті сала мамандары толық қамтамасыз етілген. Әскери дәрігерлік комиссия төрағасы Жангелді Дәулетқалиевтың сөзінше, күніге 40-45 жас тексерістен өтеді. Бұған дейінгі тексерістің нәтижелері көрсеткендей, шақырылушы жастар арасында көз аурулары көп. Сондай-ақ жалпақтабандылық, омыртқаның қисаюы, асқазан-ішек аурулары жиі кездеседі екен.
Басқарманың құқықтық жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Раниль Жадаевтың айтуынша, қаламызда Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуден жалтарып жүргендер де бар. Мәселен, көктемгі әскерге шақыру науқанында ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 647-ші, 648-ші баптарымен 161 әскерге шақырылушы жауапкершілікке тартылған. Олардан өндірілген айыппұлдан мемлекет қазынасына 1 млн. 250 мың теңге түскен.
– Бұлар әскери медициналық комиссиядан жалтарғандар мен жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде комиссияға келмегендер. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 648-бабы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтарғандарға – үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 7215 теңге айыппұл салынады. Ал шақыртуға келмегендер 12 025 теңге төлеуі керек. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 387-бабы бойынша әскерге шақырылушы екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде Орал қалалық ішкі істер бөліміне материалдар жіберілді. Бұл іс тергеу бөлімінде қаралуда, – деді кіші сержант Раниль Естемісұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу