8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2018 4690 0
Қалалықтар қаперіне

Ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлық фактілері азаймай тұр

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының 9-шы міндеті «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталады. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен кең көлемде жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы жақында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мәжіліс залында өткен «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда жан-жақты талқыланды.

Жиынды ашқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Жұбаныш Аманқос  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу еліміздің ұлттық саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, еліміздің әр азаматы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып, қарсы тұруға қадамдар жасауы керектігін жеткізді.

– 2014 жылдың желтоқсан айында Елбасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын бекітті. Транспаренси Интернешнл ұйымының 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіне сәйкес, Қазақстан 31 ұпай жинап, әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленді. 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының сәтті іске асырылуының нәтижесі. 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде бір де бір ел 90-нан жоғары ұпайды иелене алмады, бұл сыбайлас жемқорлықтың әлемнің барлық елдеріне тән екенін дәлелдейді. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.      Елбасымыздың саяси жігерінің арқасында елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалынды. Түбегейлі реформалардың аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа моделі қалыптасып, әлемдік стандарттарға сәйкес институттар мен механизмдер қолданысқа енді. 2016 жылдың 1 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң күшіне енді. Заңда бірінші рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сияқты іс-шаралар жүйесі енгізілген болатын. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда, – деді. Бұдан соң сөз алған Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қабылданып отырған заманауи механизмдер мемлекетіміздің саясаты мен атқарылған жұмыстарына арналатынын жеткізді.

Жиынның күн тәртібіне сай баяндама жасаған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әлібек Баяхов «ҚР Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын мәселелер және міндеттер» тақырыбында ой өрбітті.

Ал «Агроөнеркәсіп жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы» жүйелі сөз қозғаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллиннің айтуынша, елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалуда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның қазіргі кездегі дамудың ерекшелігі болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделін қалыптастырудың оң нәтижелеріне байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтау және оларды жою жұмысын күшейту мәселесі әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.  Ауыл шаруашылығы секторы Қазақстан экономикасының негізгі салаларынын бірі болып табылатынын ескере отырып, осы саладаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне аса назар аударуды қажет етеді. Ауыл шаруашылығының басты екі бағыты – өсімдік және мал шаруашылығы. Саланы көркейту мақсатында ел бюджетінен жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді.

Алайда, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен қаржыны игеруде сыбайлас жемқорлық фактілері азаймай тұр. 2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың 7 айын қоса алғанда республика бойынша ауыл шаруашылығы саласында 273 (2017 жыл – 183, 2018 жыл – 90) іс тіркелген. Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – елімізге келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне заңсыз рұқсат беру, ет өнімдерін сату кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін өнімдерге заңсыз анықтамалар беру, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау, тікелей байланыс тәуекелдері, сонымен қатар бюджет қаржыларын жымқыру фактілері. Ең бірінші сыбайлас жемқорлық тәуекелдері нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарда кездесіп отыр. Мысалы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бағыты бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  366, 368, 369, 370, 371, 375, 380, 381, 382, 386, 387 и 388 баптарында дискрециялық нормалар бар. Яғни, жазалау шараларында айыппұл немесе ескерту шаралары қаралған.

Айта кететін жағдай, 2017 жылы Агенттік пен Атамекен кәсіпкерлер палатасы арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жол картасы аясында ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы 28.12.2017ж. өзгеріс енгізілді. Бұл жерде 369 және 380-баптар тыс қалып қойып, әлі де дискрециялық құзерттілік тудырып отыр.

Жол картасы аясында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау кезінде Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы құжаттардың қазақ және орыс тілдерінде алшақтықтар көп екен анықталған.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабының 9-тармағында ескерту немесе айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.  Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оның сойылғаны және өткізілгені, жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Мұндай олқылықтарды Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы пайдаланып кеткен. Ол субсидия алған кәсіпкерден  қаржы бопсалап, өзі кәсіпкерлікпен заңсыз айналысып және бюджет қаржысын жымқырған. Ағымдағы жылдың наурыз айында сот шешімімен айыпты болып танылған. Фитосанитария бойынша жалған сертификаттар бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері де азаймай тұр. Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы бойынша агроөнеркәсіп кешені инспекциясы басшысының орынбасары мен қалалық инспекцияның 2 бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталған. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жүргізу. Бұл уақыт пен қаржыны үнемдеп қана қоймай, мемлекеттік қызметтің уақытылы көрсетілуін автоматтандырылған жүйеде бақылауға мүмкіндік береді. Департаментпен жүргізілген бақылау шаралары кезінде АШМ агроөнеркәсіп кешені Комитетінің Орал қалалық инспекциясымен мемлекеттік қызметтің мерзімінен кешіктіріліп көрсетілуі анықталып, жауапты тұлғаға ҚР ӘҚбК 465-бабына сәйкес 10 а.е.к. көлемінде (24050 теңге) айыппұл салынған.

– Ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларда оң нәтиже бар екенін атап өту қажет. 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға ресми іс-сапар кезінде алынған ұялы телефонды елімізде алғашқы болып арнайы қорға тапсырған болатын. Ағымдағы жылы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу кезінде «Касперский зертханасы» компаниясы ауыл шаруашылығы министрлігіне берген антивирустық бағдарламада арнайы қорға тапсырылды. Бұл ҚР мемлекеттік қызмет туралы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарының талаптарының орындалып жатқанын көрсетеді.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы азаматтардың еліміздің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенушілер саны 18% артқан. Зерттеу қорытындылары көрсетіп отырғандай сауалнамаға қатысқандардың 79 пайызы жемқорлықтың кез-келген көрінісін қабылдамайды. Сұралғандардың 43,7 пайызы жемқорлықты төмендетуге үлес қосуға дайын екенін білдірген. Қай салада болмасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шаралар, алдымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушылар үшін болуы мүмкін әкімшілік кедергілерді азайту, бизнес процестерді оңтайландыру және экономиканы көтеруге бағытталған, – дейді Біржан Марданұлы.

Конференцияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ұлттық құндылықтардың маңызы» тақырыбында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистр Гауһар Балжанова тарқатып айтты. – Қазіргі таңда барлық озық ойлы адамзат, барлық дамыған мемлекеттер қоғамның жарасымды дамуына кеселді кесірін тигізетін сыбайлас жемқорлықпен күрестің тәсілдерін жетілдіруге ден қоя бастады. Өйткені жемқорлық бір елдің шеңберінде ғана шектелген індет емес, жаһандану заманындағы ғаламдық құбылысқа айналып отыр. «Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет», – деп Елбасымыз атап көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда мемлекетіміз үшін де, елімізде өмір сүріп жатқан әрбір адам үшін де күрделі мәселе болып отыр. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес. Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда, заңдар мен бағдарламалар қабылдануда. Бұл шаралардың барлығының  мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Заңнамалар мен мемлекеттік бағдарламалар сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы күрестің негізі болса, оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының өзекті мәселесі болып табылатындығы белгілі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, яғни билікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан да өз елінің болашағына алаңдайтын, өз елін шын сүйетін Қазақстан Республикасының азаматы жемқорлықпен күресуді өзінің қасиетті борышы санауы тиіс. Болып жатқан өзгерістер болмысының тереңдігі мен күрделілігі соншалықты, әлемдік тарих ұлы мүмкіндіктерге толы сәттер мен қауіп-қатері қат-қабат мұндай дәуірді бұрын-соңды басынан кешірген емес. Білімге қанықтыратын ақпараттарды сақтау мен өңдеу саласының көкжиегін шексіз кеңітетін, ұтқыр байланыспен миллиардтаған адамдарды өзара шырмап байланыстыратын қоғамның ғаламат мүмкіндіктерін көз алдымызға елестетіп байқаңызшы. Болмаса барлық саланың ауқымды арналарында туындап, бір-бірін толассыз толықтырып жатқан технологиялық арынды жаңалық легі, мәселен Жасанды интеллект (ЖИ), роботтандыру, интернет бұйымдар (ИБ), автомобиль-роботтар, үшөлшемді 3Д басып шығару, нанотехнология, биотехнология, материалтану, энергияны жинақтау мен сақтау, кванттық есептеу жөнінде ойланып көріңізші. Біздің өмірімізге күн өткен сайын дендеп еніп жатқан осы инновациялық технологияның қыр-сырын меңгеріп, заман ағымына қарай өмір сүріп, сонымен бірге дамып отыруды қажет етеді. Сондықтан да менің ойымша күн сайын теледидардан осы бағытта заманның даму бағытын ашуға арналған телебағдарламалар көптеп көрсетілсе екен. Өйткені ақпараттық құралдардың қай-қайсысын қарасаңыз да біздің қоғамымыз тек қана қылмыстан, зорлық-зомбылықтан, алаяқтықтан тұратындай болып көрінеді. Ал шын мәніндегі қазіргі төртінші индустриялды революция адамның санасының дамуын қажет етеді. Атын естісе де, әлі де болса технологияны жетік білмейтін қоғамға, «нені», «қалай» жасау керектігін ашық, жеткілікті дәрежеде  ақпараттық құралдар кеңінен түсіндірсе деген ойым бар. Ол «нені» және «қалай» жасайтынымызды ғана өзгертіп қоймай, біздің өзіміздің болмысымызды «кім?» екенімізді де өзгертеді.  Ал осы технология жетілген дәуірде «ұлттық кодыңды» сақтаудың маңызы зор.   «Ұлттық рухтан айырылған халық ел болудан қалып, жігерсіз, еріксіз тобырға айналмақ. Басқаның құрығына мойынсұнып, оның жетегінде кете бермек» деп Кеңес Нұрпейіс ағамыз айтқандай, жастарымыздың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру үшін бірінші орында ұлттық сана, ұлттық құндылықтар тұру керек деп ойлаймын. Өйткені қазіргі таңда жастардың бойында ұлттық тәрбиенің жетіспей жатқанын айқын аңғаруға болады. Оны қарапайым киім үлгілерінен де, жүріс-тұрыстарынан да көруге болады. Қазіргі қоғам ұлттық мәдениеттен гөрі бұқаралық мәдениетке, бір-біріне еліктеушілікке қарай кеңінен бой алдырып тұр. Қоғамды жасайтын адамдар десек, халықтың көпшілігі тек қана жастар емес үлкендердің өздері де ақшаның құлы болып барама деген ой келеді. Әйтпесе, қазақ деген ұлы халықтың ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының өзі әр адамды адамгершілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Кез-келген адамның бойында осындай қасиеттер болғанда ғана сыбайлас жемқорлық қоғамда орын алмас еді, тіпті болмаса азаяр еді. Мысалы қазақтың «Бата беру» дәстүрі бар. Бұрын үйге үлкен кісілерден әсіресе елге қадірлі, аузы дуалы адамдарды шақырып, бата алатын. Ал батаның орны ерекше, шын ниетпен, ақ көңілмен берілген бата әрдайым орындалады. Ол шындық. Көп жылдар ел басқарса да өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленген дара тұлға Д.Қонаев атамыз туралы бәріміз білеміз. Оның атасы Жұмабай өте діндар қажылыққа барған, мешіт салдырған, бала оқытқан адам болған екен. Дінмұхаммед дүниеге келіп қырқынан шығып жатқан кезде үлкен әжесі баланы атасына әкеліп бала қырқынан шығып жатыр батаңызды беріңіз дегенде атасы:  «Маңдайың кең екен, көзің танадай екен, сірә елге би боларсың, халқыңның алақанында өтерсің» деп бата берген екен. Сол батасы қабыл болып шынымен халқы үшін қызмет еткен зор тұлға болды.   Ал қазір қалай қазақта не көп той көп ал сол тойларда жаңа түскен жас келінге бата сұрап, бата беріп жатқан адамды немесе жаңа дүниеге келген сәбиге бата беріп жатқан адамды көрмейсің. Үйдегі алдымыздан жүгіріп шыққан кіп-кішкентай балаға бата емес, ақша беріп, болашақта ақшаның құлы болуға тәрбиелеп жатқанымыз да жасырын емес.  Тағы бір мысал тұсау кесу дәстүрі, бұрын тұсау кесетін адам алдын-ала дайындалып,  ала жіппен тұсауын кесіп, тәй-тәй басқан сәбиге тілегін айтатын. Ол бала өскенде ешкімнің ала жібін аттамасын, жаманаты шықпасын деген ниеттен туған дәстүр. Ал қазіргі таңда сол дәстүрді сақтап  жас  жанұяларға үйретіп, бағыттап отыратын үлкендерді де көрмейсің.  Бұл ең қарапайым, ешқандай қиындығы жоқ  күнделікті өмірде қолдануға болатын дәстүрлер. Қазіргі жастарда мәдениет деген мүлдем жоқ, үлкенді құрметтемейді, бұрын біз үлкеннің алдынан кесіп өтуге ұялатын едік дейді кейбір үлкендер. Егер өзіміз сол жастарымызды жастайынан санасын ұлттық құндылықтарымызбен сусындатпасақ, рухани бай болуға үйретпесек оларда қандай мәдениет болуы тиіс. Біз өз тәрбиеміздің, өз ісіміздің жемісін көріп отырмыз емес пе? – дейді Гүлжан Жеңісқызы.  Оның айтуынша, ұлттық тәлім-тәрбиемен қоса қазақтан шыққан ұлылардың, тарихи тұлғалардың өмірлерін еңбектерін кеңінен насихаттаудың да маңызы зор. Әсіресе мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар мектептен тыс уақытта отбасында көпшілік жағдайда қараусыз. Үйдегі бос уақыттары теледидар, смартфон қараумен өтеді. Керісінше ата-әжелер немесе әке-шешесі уақыт тауып балаларына ертегілер оқып беріп, Ы.Алтынсаринның, А.Құнанбаевтың, Б.Момышұлы, тағы басқа ақын-жазушылардың еңбектерінен мысалдар келтіріп, мақал-мәтелдер жаттатқызып, жұмбақтар жасырса қоғамда келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер болмас еді. Қазақ халқында алмас тілді, орақ ауызды би шешендер бар. Халық арасындағы билер мен ақсақалдар өмірлік тәжірибесіне, көрегендігіне, әділеттілігіне, ақылдарына сүйене отырып, даулы мәселелерді шешкен. Оларды ешкім тағайындамаған да, сайламаған. Әдет-ғұрып құқық нормаларын жақсы білуі, сөйлеу шешендігі, жеке басының қасиеттерінің кіршіксіз болуы нәтижесінен халық мойындауымен ғана би атағын ала алатын. Ғасырларды артқа тастап, уақыт сынынан өткен «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «туғанына бұрғаны – биді құдай ұрғаны» мақалдарының күні бүгінге дейін сақталуы көптеген жағдайдан хабар береді. Қазақтың дара перзенттерінің бірі Шоқан Уалиханов «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған үкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетінін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, бүкіл жұртқа таралып, біріне емес бәріне де танылған» дейді. Ұлттық тұрғыдан алғанда «әділеттіліктің алтын ғасыры» болып есептелетін Тәуке хан дәуіріне көз жүгіртсек «Жеті жарғының» заңдары салтанат құрған көшпелі қоғамда кез-келген заң бұзушылық, дау-таластарды шешу кезінде салт-дәстүр бойынша қалыптасқан қағидаттар басшылыққа алынып, беделді тұлғалардың жеке пікірлерін тыңдау арқылы, үлкен жиындарда әділ қаралған. Онда қазіргідей үкімді орындауға қатысты органдардың мүлдем болмауына қарамастан, билер сотының шешімі ақиқаттың соңғы шешімі ретінде толықтай мойындалатын. Парақорлық сол кездегі заң тұрғысынан ғана емес, моральдық-этикалық нормалар тұрғысынан да үзілді-кесілді айыптауға ұшыраған. Мемлекеттік билікті жүзеге асырушылардың әділдігі мен адамгершілік қасиеттері ең бірінші орында тұрғандықтан, халқымыздың жадында бұл  кезең «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» ретінде сақталып қалды. Сондықтан халықтың сауаттылығын ұлттық тәрбиеге мән бере отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып жүзеге асырсақ, құба-құп. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деп Елбасымыз «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында айтқандай, төртінші индустриалдық революция мүмкіндіктерін пайдалана отырып алға қарай даму мен ұлттық құндықтардан алыстамаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызы өте зор.

Өз кезегінде  Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарған жұмыстарын Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Теміржан Темірәлиев мәлім етті. Оның айтуынша,  2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бекітілген. Бұл кодекс әр бір мемлекеттік қызметкердің қоғамдағы сыртқы келбетімен моральдық бейнесін реттейтін ереже болып табылады.  Әр Қоғам  әр мемлекеттік қызметшіге  өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. 2017 жылда осы Кодекске өзгерістер енгізіліп мемлекеттік мекемелерде Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жүргізілуде. Әдеп жөніндегі уәкілдерімен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалы жағдайына жасырын сауалнамалау арқылы 43 мемлекеттік қызметші қамтылған. Сондай-ақ, күні бүгінге дейін инспекцияның ресми сайтында  Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке блогы ашылған. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер жолдай алады. Азаматтарды апта сайын қабылдау кестесі және байланыс телефоны интернет-ресурсында көрсетілген. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында ішкі қауіпсіздік қызметін атқаратын жұмыс тобы құрылып, аудандық аумақтық инспекцияларында  (Тасқала, Зеленов, Шынғырлау және Бөрлі аудандарында) әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын атқарып және инспекциялардың Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жұмысына талдау жасап, материалдық қажеттіліктерді анықтап қамту жұмыстары жүргізілді. ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық, Орал қалалық,  аудандық  аумақтық инспекцияларында жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ҚР Заңдары  мен ауыл шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін жалпылай құқықтық оқыту уақытылы ұйымдастырылып тұрады. Барлық инспекциялар ғимаратында лауазымды тұлғалардың Заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматтардың шағымдары мен арыздарына арналған жәшіктер және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы,  мемлекеттік қызметтер туралы стенділер орнатылған, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарт бекітілген. Сол секілді қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың басшылары мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу бойынша Меморандум жасалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдар және іс-шараларды орындау жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауапты қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрық шығарылған.  Облыстық инспекция бойынша биыл облыстық аумақтық инспекциясында  Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс өкілдерінің және мемлекеттік қызмет алушылармен кездесу ұйымдастырылған және Сыбайлас жемқорлық тақырыбында оның ішінде инспекция басшысының, басшының орынбасары мен Әдеп жөніндегі уәкілдің телефон нөмірлері жазылған  буклеттер жасақталып, Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларына үлестірілген. Азаматтардың шағымдары мен арыздарына арналған жәшіктер орнатылған. 2011-2018 жылдары мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері тіркелмепті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы жаңа даму мүмкіндігі» өз Жолдауында жарқын болашақ алдындағы ең маңызды тапсырма сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдік құруы деп анықтады.

Соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алуына акцент жасалды. Ұлттық бюро қызметкерлерімен аталған тапсырмалардың орындалуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына жағдай туғызатын себептерді ескерту, сол бағытқа алдын алу жұмыстарын өткізу және соның ішінде біз құқыққорғау органы болғандықтан жасалған сыбайлас жемқорлық жайттарын анықтау және жою болып табылады. Осы орайда «Ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бар жағдайды жасауға міндетті» дейді «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу туралы» тақырыбында ой қозғаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қуанай Сағынғалиев. Өткен жылдан бері аталмыш салада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 273 жемқорлық қылмысы әшкереленген.  143 тұлғаның 69-ы қазір қамауда отыр. Келтірілген шығынның мөлшері 1 млрд. 303 млн. теңгені құрайды, соның 820 млн. теңгесі мемлекетке қайтарылған. Қылмыстың басым көбісі Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында орын алған. Сот-тергеу сараптамасының нәтижесі көрсеткендей, жұмыскерлер өз қызметін асыра пайдаланып, пара алып отырған. Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өткен жылдан бастап ауылшаруашылық саласында 32 қылмысты анықтаған. Оның 30-ы ветеринария саласында орын алған.  Мәселен, Орал қалалық ветеринарлық стансаның директоры Тілеушев Зашаған, Деркөл, Круглоозерный, Желаев ауылдары мен Орал қаласындағы ірі қара мал басын жасанды көбейтуде жалған ақпараттар бергені үшін жауапқа тартылған. «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттан мемлекетке 1,2 млн. теңге шығын келтірген.        Бүгін әркім есте сақтауы қажет: заң алдында бәрі тең және қол сұғылмайтындар жоқ. Осыған байланысты  департаментінің бөлім басшысы Қуанай Аманұлы көпшілікті тазалыққа, адалдыққа,  азаматтар мен мемлекет мүддесіне қызмет етуге, сонымен қатар ұжымда сыбайлас жемқорлыққа  нөлдік шыдамдылықты қалыптастыруға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
103 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
322 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
808 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1184 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1105 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1545 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2160 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2327 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2334 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2384 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2387 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2022 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2869 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2922 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2919 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3527 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3498 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3486 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3465 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3626 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3672 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»