«АТАМЕКЕН» ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Орал қалалық білім беру бөлімінің «Атамекен» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Кеше, 11 маусым күні І ауысымға 70 бала қабылданды. Жаз бойы мұнда 500-ден астам балғын демалыстарын қызықты өткізеді деп күтілуде.
«Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінің ғимараттарының сыйымдылығы 220 орынға есептелген. Десе де санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, қала мектептерінен аз қамтылған, жетім, қамқорлыққа алынған, өзге санатты отбасы және оқу озаты мен дарынды 70 бала І ауысымға қабылданды. (Есептелінген орын 73 балаға жоспарланды) Барлық санитарлық –эпидемиологиялық талаптар сақталуда.
Әр ауысым 10 күнге жоспарланған. Ауысымда балаларға лагерьдің тәрбиешілері арнайы қызықты бағдарлама дайындады. Оның ішінде түрлі танымдық шаралар, қаламыздағы балаларға арналған демалыс орындарына, Жайық өзеніне, мұражайларға саяхаттар, белсенді демалыс – футбол және волейбол ойындары, командалық-спорттық жарыстар, туристік ойындар, факультативтік курстар, жасанды тауға өрмелеу, Шаған өзеніне қайықпен серуен, спорттық бағдарлау жарысы, көңілді старт және үстел ойындары өткізіліп, би кеші ұйымдастырылады.
«Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Ақмарал Көркембаеваның мәліметінше, биылғы лагерь бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Еңбек қызметі – Қолөнершілер, Танымдылық қызмет – Жас таланттар, Экологиялық қызмет – Қолданбалы экология, Спорттық – сауықтыру қызметі – Жас спортшылар, Ұлттық отансүйгіштік қызмет – Жас өлкетанушылар, Қауіпсіздікті сақтау – Жас қорғаушылар, Ғылыми- зетттеуші қызметі – Ғажайып әлем.
Лагерь барысында оқушылар шатыр құруды, туристік құрал-жабдықтармен жұмыстана білуді, және бағдарлауды үйренетін болады. Сонымен қатар мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу