Арқан тартысып, гір көтерді
БҚО Полиция департаменті және “Орал” спорт клубының ұйымдастыруымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай арқан тартыс және гір спортынан БҚО Полиция департаменті және күштік құрылымдар арасында турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына БҚО полиция департаменті Арнайы және жедел жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция полковнигі Әзілхан Қайырханов, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО Динамо дене шынықтыру және спорт қоғамдастығы төрағасының орынбасары Павел Ставкин, “Орал” спорт клубының директоры Орынбасар Гилымов, 99250 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс батальон командирі, подполковник Нұрлан Сулейменов, Жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Серік Қартабаев, Батыс өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы, полковник Бақтияр Қалдыбеков қатысты.
Жарысқа 7 команда қатысып, бақ сынасты. БҚО Полиция департаменті қызметкерлерінен құралған команда арқан тартыс ойынынан бас жүлдеге ие болды.
Гір тасын көтеру спорт түрінен ұйымдастырылған турнирде 70 салмақ дәрежесінде 3 орын, 80 салмақ дәрежесінен 2 орын және + 90 салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер “Орал” спорт клубының атынан кубок, диплом, медальдармен марапатталды.
Жарысқа қатысып, жүлдері орын алған спортшылармызды шын жүректен құттықтаймыз.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печати