8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2024 19473 0
Спорт

Алғашқы депутаттар спартакиадасы

Бүгін, қарашаның 1-і күні,«Орал» спорт клубында ҚР мәслихаттарының 30 жылдығына арналған және Қоғамдық кеңес мүшелері арасындағы облыстық спартакиаданың ашылу рәсімі өтті.

Алдымен ҚР гимні шырқалды. Бұдан соң Орал қала сының әкімі Мұрат Бәйменов құттықтау сөз сөйледі. – Құрметті депутаттар! Биылғы жыл- мәслихат депутаттарының 30 жылдық мерейтойымен ерекше. Қай қызметте болмасын, ауқымды істерді депутаттармен бірге атқарып келеміз. Еліміздің дамуына, түрлі жобаларға бірге атсалысып келесіздер, сондықтан да сіздерге ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылдары Орал шаһарының дамығанын білесіздер. Бұл ретте ілкімді істердің алға жылжуына да сіздердің үлестеріңіз зор. Барлықтарыңға сәттілік тілеймін! Салауатты өмір салтын арттыру жолындағы еңбектерің жана берсін!-деді.

Сондай-ақ осы шарада облыстық мәслихаттың хатшысы Мұрат Мұқаев та өз лебізін жеткізді. – Спорттың 6 түрінен мәслихат және қоғамдық кеңес мүшелерінің спартакиадасы алғаш рет өткелі тұр. Егер сіздер қолдасаңыздар, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуге дайынбыз. Мақсатымыз- ұлттық және бұқаралық спорт түріне қызығушылықты арттыру, ұлт саулығын нығайту. Сайысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен кеңес мүшелерінен 200- ден астам адам қатысады. Спартакиадаға қатысушыларға табыс тілеймін!-деді.

Салтанатты жиынның соңы волейбол ойынына жалғасты.

Гүлім НҰРҚАТ 

Бұл туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқисыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
114 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
366 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»