8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2022 2933 0
«Жайық үні» — 30 жыл

🌞🌞🌞Қадірлі оқырмандар! «Жайық үнінің» бүгінгі нөмерінен мүйізі қарағайдай осынау қос ғалым жайлы оқи отырыңыз!📚📚📚

«ҚАЗАҚСТАН  ЖУРНАЛИСТЕР  ОДАҒЫ»  ҚОҒАМДЫҚ  ҚОРЫНЫҢ  БҚО  ФИЛИАЛЫНЫҢ  НАЗАРЫНА!

     Сөз қадірін бағалаған…

Біздің  өңірде  мамандығын ғалымдық  жолға арнаса да қолынан қағазы мен қаламы түспей келе жатырған дайынжурналистер бар. Олар –  Әліби Баяхов пен  Жаңабек Жақсығалиев.  Бұл қос азаматты алқалаған әлеумет, өңіртұрғындары  жақсы біледі. Екеуі де ғалым. Екеуі де қоғамдық жұмыстардың белсендісі.   Екеуі де саяси, әлеуметтік мәселелердің  бел ортасынан табылып, өз ой-пікірлерін ортаға салудан жалықпайды. Айналаға көзқарастары түзу, ойлары ұшқыр осы екі ғалымды Қазақстан  Журналистер одағына мүшелікке неге қабылдамасқа деген ой көкейімде көптен жүр еді.

  Иә, «Ақын болу міндет емес, азамат болу міндетің» дегендей, табиғатынан кәнігі қаламгер болып туылмаса да,  бұқаралық ақпарат құралдарымен мидай араласып жүретін, газет тілшісі секілді қандайма мәселеде оқырманмен айқайой бөлісетін, шыншыл, өзіндік ұстанымдары қалыптасқан, елге жанашыр Әліби Науханұлы мен Жаңабек Жаңабайұлын өз басым жоғары оқу орнында қызмет жасайтын бірнеше оқытушыларға үлгі тұтамын. Себебі, біздің қаланың өзінде үлкенді-кішілі  білім ұялары өте көп.  Мұнда санасаң сан жетпейтін оқытушылар өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеп келеді. Алайда, олардың арасында көпшіліктің алдына суырылып шығып сөз сөйлеп, жиған білімі мен ой-парасатын халықпен бөлісіп,  өз  ойын жеткізіп сауатты мақала жазатындары некен-саяқ.  Бұл шындық! Осы тұста әрбір оқу ордаларындағы ғалым-ұстаздар мен оқытушылардың дені  Әліби Баяхов пен Жаңабек Жақсығалиевтей болса ғой дейсің.

Бұрын өлкедегі газеттерге әртүрлі оқу ордаларындағы ғалымдар, оқытушылар, әр саладағы мамандар жиі мақала жазатын. Редакциямен мидай араласатын. Ашық алаңда ойларын ортаға салатын. Соңғы жылдары әлеуметтік желілер пайда болып, біз «дайын тілшілерді» жоғалтып алдық. Баспасөз беттерінен тұщымды мақалалары түспейтін зиялы қауымның  бүгінде қатары сиреді. «Алдыңғы толқын ағалардың» ізін жалғап келе жатырған танымал тіл-әдебиет мамандары Болат Жексенғалиев,  Мұрат Сабыр, АбатҚыдыршаев, Азамат Мамыровтардың  басылым беттерінемақалалары  жарияланып  тұрады.  Осы аттары аталған ғалымдардың арасынан ҚР Журналистер одағының мүшелігіне қабылданғаны Абат Сатыбайұлы секілді.  Әрине, әңгіме одаққа мүше болуда емес. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі таңда газет тілшісі болмаса да, ештеңе жазбаса да көбінің төсқалтасында аталмыш одақтың төсбелгісі бар. Сондықтан кейде ойлайсың,  маңдай теріменкөлдей-көлдей мақалалар жазып, оқырманмен жиі қауышып жүрген  осынау қос ғалымды мүшелікке неге қабылдамасқа деп?!   🔥Енді осы екі азаматтың өмірбаянына көз жүгіртсек, ата-анадан тамаша тәлім алғандары,  өз жолдарын адаспай тапқандары, тірліктің әр сәттерін теккеөткізбегені көрніп тұр. Біле білсек, бұл да кейінгі буынға үлгі-өнеге, студент – жастардың бел ортасында жүрген қос ғалымның  жеткен жетістігі!   🌞Ақжайық ауданыКалмыково селосында дүниеге келген Әліби БаяховБазартөбенің түлегі. 1982 жылы алтын ұя мектебін бітіріп, аңсаған арманына қол созған ол   Орал қаласындағы ауылшаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдаған. Бір емес екі білдейинститутты бітірген Ә. Науханұлы бүгінде ғылым докторы(2008ж).  Көптеген өсу жолдарынан өткен  Ә. Науханұлы қазіргі таңда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетінің ректоры болып қызмет атқаруда. XXI–ші «Архимед-2018» Мәскеу Халықаралық инновациялық технологиялар мен өнертапқыштар ұйымының шешіміне сәйкес, ғылыми жобалары Алтын және Күміс медалдармен марапатталды. 2019 жылы Дюссельдорф қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында (Германия) және Беларусь Ғылым академиясының генетика және цитология институтындағылыми тағылымдамадан өтті. «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен,  «Ы. Алтынсарин» медалімен, сонымен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің,  БҚО әкімінің  және Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстық ауылшаруашылық, аумақтық  басқармаларының Құрмет грамоталарымен,  алғыс хаттарымен марапатталды. «ҚРжоғары оқу орынының үздік ұстазы» белгісінің иегері(2017ж.).  А. Баяхов «Батыс Қазақстанның инженерлікғылымы мен білімі» жорналы редакторының орынбасары. Сол секілді өзі қызмет жасайтын оқу ордасындағы көпжылдан бері жарық көріп келе жатырған «КазИИТУ» студенттер газетінің басты өкілі. Осы газеттің айына екі ретшығуын, студенттер мен ата-аналарға жетуін жітіқадағалайды. Білім саласында қыруар жұмысы болса да газет жұмысын үзбей ұйымдастырып, қолдап, насихаттапотырады.

   💥Облыстық мәслихаттың белді депутаты Жаңабек  Жаңабайұлы  Қаратөбе ауданы Саралжын (Мұхит) ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Орал педагогикалық институтын үздік дипломмен тәмамдаған. 1995-1999 жж. Орал педагогикалық институтының жанындағы педагогикалық лицейде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. Рес публикалық «Жыл мұғалімі-99» байқауының Гран-при жүлдегері. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1999). «Мұғалім-зерттеуші номинациясының иегері (Астана қаласы, 1999). жылы  Батыс Қазақстан мемлекеттікуниверситетінің аспиранты. Тарих ғылымдарының кандидаты. 2001-2002 жж. республикалық «Қазақ тарихыжурналының  ақылдастар алқасының мүшесі және осы басылымның меншікті тілшісі.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаттарыменмарапатталған. Қазақ хандығына 550 жыл, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгілерінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің  иегері. Бүгінде М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың доценті. 100-ден астам ғылыми, ғылыми-əдістемелік, тарихи-танымдық мақалалары мен ондаған оқу-əдістемелік құралдары жарық көрген. Облыстық қоғамдық кеңесінің және ономастикалық тағы көптеген комиссиялардың мүшесі. Жаңабек Жаңабайұлының да әр мезгілде жазған «Тектілік феномені», « Ініге ізет», «Ірілік феномені», «Күншілдік синдромы», «Біздің Жәнібек қай Жәнібек?», «Исатай батыр Жәңгір ханның ордасын неге шаппады?», «Әбілқайыр хан тарихының ақиқаты айтылды ма?», «Он тоғызында оққа байланған оғлан», «Кіші жүзді найза бер де жауға қой!», «Рухани жаңғыру: дәстүр мен жаңашылдық» атты көптеген мақалалары оқырман көңілінен шықты.

ТҮЙІН: «Айтар болсаң, әр ойыңды қалап айт. Бір сөзіңді мың толғамға балап айт. Ойлы сөзді, құлақ құрышын қандырар, Білім ғана май құйғандай жандырар» деп ЖүсіпБаласағұн айтқандай, ата-бабалардың рухани асылқазынасын ұрпақтан – ұрпаққа мирас етуден жалықпаған,  сан мыңдаған шәкірттердің арасында білімге қоса зеректігімен, өмірге құштарлығымен, елгезектігімен көзге ерте түскен, халықтың назарына ерте іліккен Әліби мен Жаңабектен Жайық жұрты әлі де көп үміт күтеді. Менің осы ойымды «Қазақстан  Журналистер  одағы»  қоғамдық  қорының  БҚО  филиалының төрағасы Тоқтар Кенжеғалиев құптар деген ойдамын. Қатарымыз қаламның қадірін білетін, сөздің парқын түсінетін, ана тіліміздің абыройынөсіретін осындай азаматтармен, игі-жақсылармен көбейе берсе, нұр үстіне нұр болмай ма?..

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
113 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
286 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
325 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
600 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
612 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
738 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1040 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1132 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1160 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1371 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1642 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1866 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1906 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2053 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2251 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»