8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2022 2146 0
Оқиға

Адам өмірін құтқарды

Орал қаласында шайтан судан ұрттаған ер азамат өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтыспақ болған. Абырой болғанда, полиция инспекторы оқиға орнына дереу жетіп, оның өмірін сақтап қалды. 5 жылға жуық құқық қорғау органында қызмет атқарып жатқан Елжас Серікқалиев «бұл әрекетін ерлік деп санамаймын» дейді. Абай полиция бөліміне қарасты №1 учаскелік полиция бекетінің инспекторы ретінде бұндай әрекеттермен жиі бетпе-бет келген. Алайда бұл жолғысының жөні бөлек. Көрсетілген мекенжайға келген мезетте істің насырға шапқанын және уақыт жоғалтуға болмайтынын бірден сезді. Осылайша, Елжас Меңдоллаұлы есінен танып қалған азаматтың бетінен ұрғылап, алғашқы көмек көрсеткеннен соң қайта тыныс ала бастаған. БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 4 желтоқсан күні кешкісін орын алған. Кезекші бөлімге белгісіз әйел адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған ағасы бейне жазба жолдағанын және оған шұғыл түрде көмек көрсету қажеттігін хабарлаған. Қоңырау түскен бойда оқиға орнына арттанған Елжас Серікқалиевқа жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Бүгінде ер азаматтың жағдайы қалыпты. Тұрғынмен психолог мамандар жұмыс жүргізуде. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»