8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қараша 2024 1218 0
Қоғам

Ақ Жайығы Қабиболла Қабенұлын құрметтеді

Осы аптаның алғашқы күні Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында  ел ағасы Қабиболла Жақыповқа арналған мерекелік кеш өтті. Бұл шараны «Ақжайық азаматтары» ұйымының мүшелері ұйымдастырды.


Ұзақ жылдар Батыс Қазақстан облысының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, мемлекеттік қызметші, Қазақстан   Республикасы   Парламенті     Мәжілісінің   бірнеше   шақырылымының   депутаты,  қоғам қайраткері,  «Батыс   Қазақстан   облысының   құрметті  азаматы» Қабиболла   Жақыповтың   75  жылдығына арналған   «Өнегелі  өмір»  атты мерейтойлық   бенефиске  облыс әкімі  Нариман  Төреғалиев,    қала    әкімі   Мұрат Бәйменов, үзеңгілес достары мен замандастары  қатысты. Алдымен,  бенефисті  облыстық  мәдениет, тілдерді дамыту  және архив ісі  басқармасы басшысының орынбасары Медхат  Қамбетов   ашып  жүргізіп,  1993-2000  жылдары облысымыздың әкімі қызметін абыроймен атқарған Қабиболла Қабенұлының өмірбаянымен жиналған жамағатты таныстырды.


Өмір өрнектері

Танымал тұлға Қабиболла Жақыпов 1949  жылы  16  қыркүйекте Казталов ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық байланыс  торабының электромонтері  болып бастаған. 1972  жылы  Ақмола   инженерлік  –  құрылыс институтын бітірген. 1972  жылдан Казталов  аудандық  құрылыс  мекемелерінде прораб, инженер, бас инженер, «Оралұжымшарқұрылыс»  тресінде бас инженер қызметін атқарды. 1979 жылдан Орал қалалық және  аудандық партия-кеңес орындарында еңбек етті. Ал 1991-1992  жылдары    Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы болса, 1992-1993 жылдары  Орал қаласының әкімі, бұдан соң  Батыс Қазақстан облысының  әкімі қызметін атқарды. 2000  жылдың  желтоқсан айынан бастап, Қазақстан Республикасының  көлік  және коммуникация министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2003 жылдан  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары  және  ҚР Парламенті Сенатындағы  өкілі. 2007  жылдан   бері  төртінші сайланған  Қазақстан  Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012 жылдың қаңтар айыннан бастап бесінші сайланған  ҚР  Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының  мүшесі. 2012 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды.  2014 жылдың 3 сәуірінен бастап  ҚР   Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып қызмет етті. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы». Бейнебаян арқылы айтылған ел ағасының өмір жолы зал толы жастарға да үлгі-өнеге болды.

«Құрметті құрылысшы» төсбелгісін тақты

Бұдан соң  шараның шымылдығын  Жаскелең   Ғайсағалиев  пен Майра Хайдарова С.Бәйтерековтің «Кездер-ай» әнімен ашып,   қонақтардың көңілдерін серпілтті. Осы жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев  құттықтау сөз сөйледі.   Ардақты ағайын, бүгін осы жерде отырған үлкен-кішіміз үшін ерекше күн. Бұл басқосудың мән-маңызы  мен тәлім-тәрбиесін сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын. Нарықтың өтпелі тұсында облыс әкімі болып, қиын да, құрметті, абыройлы қызметімен ел-жұртына танылған  Қабиболла  Қабенұлы дәл қазір ортамызда отыр. Экономика  мен  саяси   ахуал тұралап қалған кезде облыс тізгінін   қолға алып, тығырықтан    шығар   жол тауып, талай жауапты міндетті атқарған ағамыз қашанда ел жүгін  арқалап, халық аманатын, ұлт тағдырын өз мойнына алды. Ерекше  ұстанымымен қыруар істерді атқарды. Біз, Қабиболла Қабенұлымен  мақтанамыз. Осы туған елдің абырой-даңқын ғана емес, экономикасы мен ауылшаруашылығы, тағы басқа да саланы арттыруға қосқан үлесіңізді халқыңыз ешқашан ұмытпайды. Оған осы ел-жұрт  куә. Сіздің Батыста өлмейтін, өшпейтін   ізіңіз бар! Сондықтан деніңізге зор  саулық, сарқылмас күш-қуат тілейміз, – деген облыс басшысы Қабиболла    Жақыповтың иығына   шапан жауып, Алғыс хат пен сыйлық табыстады.  

Бұдан соң  қоғам қайраткерінің ерен еңбегін, әсіресе  Казталов,    Жәнібек, Бөкейорда аудандарындағы кітапхана, мәдениет үйлерін  сақтап қалудағы  күш-жігерін Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов, осы шараны ұйымдастырушылар Ғайса Қапақов, Лавр Хайретденов, облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаевтар әңгімелеп берді. Сол уақытта өздері  жас маман болса да,  мол тәжірибе алғандары жөнінде  алға тартып, ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Шырайлы шарада  ұялы телефон арқылы байланысқа шыққан  Түркмениядағы Қазақстан елшісі   Нұрлан   Ноғаев құттықтауын жолдаса, Парламент    Мәжілісінің    депутаты   Ғұмар Исламұлы  мен Арман Кәрімұлының атынан бағалы сыйлық жеткізілді. Сол секілді ҚР Көлік  министрлігі атынан жолданған «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі Қ.Жақыповтың  кеудесіне тағылды.

«Сенім болмаған жерде ел басқару оңай емес»

   Бұл күні мерейтой иесіне жылы естеліктер айтылды. Қабиболла ағай өңірді басқарған тұста  облыстық бюджеттен қаржыландыратын балаларға арналған  32 спорт мектебі болған екен. Осы  мектептерді сақтап қалуда әрі спорт арқылы ұлт саулығын өркендетуде ұтымды жобалар жасалыпты. Әр істің  мән-жайын білетін басшы және жақсы жәрдемші, ақылгөй кеңесшіге Самиғолла  Оразов, Александр Маючий, Қайнолла  Қасеновтер ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ «КазИИТУ» ғылым-білім кешені атынан  Ақсерік Әйтімов те жылы лебізін айтып,   Ұлттық инженерлік академиясының «Құрметті профессоры» атағымен марапаттап, Алғыс хат пен сыйлық табыстады. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы басқармасы басшысының орынбасары Данильбек Саратов  көп ұлтты халықтың бірлігін, татулығын ту ету жолындағы ұшан-теңіз еңбегі туралы айтты.  

Өз кезегінде Донеділ Қажымов та кеш иесінің сүйікті «Ақжайық, ару мекенім» әнін әуелете шырқап, Қ.Жақыпов  ел басқарған кезде ақын Қадыр Мырза Әлі мен оның анасына жасаған қамқорлығы үшін алғысын жеткізіп, «Қадыр Мырза Әлі» атындағы қайырымдылық қорының атынан медаль тақты. «Есімі елдің жүрегінде сақталған ер бақытты» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Қоғам қайраткерінің туған жері Казталовтан келген бір топ делегация, аудан әкімінің  міндетін атқарушы Рашид Иманғалиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, еңбек ардагері Тауфих  Мұқанов  жерлестері атынан тұлпар мінгізді.

Айтулы шарада Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, Фархат Оразовтар әуезді әндер  шырқаса, тағылымды кеш соңында сыйлы мейман, мерейтой иесі Қабиболла  Жақыпов сөз сөйлеп, Жайық жұртшылығына риясыз көңілін жеткізді.  Ең бірінші, адамға қажеті сенім. Сенім болмаған жерде ел басқару оңай емес. Ел үшін де, әкімдікті қолға алған азаматтар үшін де оңай емес. Бірақ мұндай сәтте адамды алға итермелейтін ерекше күш болады. Бәріміз де жүрексіндік, бойымызда «бұл қалай болар екен?» деген ой болғаны рас. Негізі, басшы болу ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойныңа алу деген сөз. Бірақ оның да сұрауы болатыны ақиқат. Бүгінгі жүздесуде айтылған ақ тілектер мен сый-құрметтеріңізге ризамын. Сондықтан  кездесуге қатысып, естеліктер айтып, әңгіме өрбіткен үзеңгілес достарым мен замандастарыма, зиялы қауым өкілдеріне және шараны ұйымдастырушыларға ризашылығым зор, – деді Қабиболла Қабенұлы. Талантты әнші Айбар Хайырхановтың орындауындағы  «Атамекен» әнімен аяқталған мағыналы кештен өңір жастары мен жиналған қауым зор тағылым алып шықты.

Гүлім НҰРХАТ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
220 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
714 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1090 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1037 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1451 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2069 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2236 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2241 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2291 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2296 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1951 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2775 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2829 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2824 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3434 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3406 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3392 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3370 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3535 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3580 0
Қалалықтар қаперіне
Екі миллион ақша ұрлаған ұрыны ұстады
04 Қазан 2024
4008 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»