8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2019 1970 0
Қоғам

ҚҰРБАН АЙТТА ОРАЛДАҒЫ 500-ДЕН АСТАМ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ЕТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі құрбан айт Орал қаласында зор қуанышпен аталып өтті.


Айттың алғашқы күндері мешіт жамағаттары арасында спорттық шаралар ұйымдастырылып, қалалық әкімдік бекіткен арнайы рұқсат етілген орындарда құрбандық малдары шалынып, мұқтаж отбасыларға таратылып берілді.
«Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахмановтың айтуынша, биыл Орал қаласы әкімдігі құрбандық шалу үшін арнайы бекіткен 3 нысанда құрбандық шалу рәсімінің шариғат талабына сай өтуі жіті қадағаланып, құрбандық еттері қабылданған. Қасиетті Құрбан айтта Орал қаласы бойынша 1400-ден астам қой құрбандыққа шалынып, Оралдық 507 отбасыға ет таратылған. Ал облыс көлемінде 2545 қой, 26 ірі қара құрбандыққа шалынып, 1557 отбасына ет таратылды» – дейді бас имам өз сөзінде.

Мешіт тарапынан үлестірілген ет қарттарға, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көп балалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға берілген.

Үміт Ізтелеу, Орал қаласы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»