АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРЕНІҢ НАЗАРЫНА! ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ЫҚТИМАЛЫН ҚАЛАЙ АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ?
Апаттар көбінесе, қатысушылардың жо жүру ережесін бұзуы нәтижесінде орын алады. Бірақ, жол жүру ережелерін әрдайым сақтағанның өзінде, апатқа ұшырау тәуекелі баршылық. «Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясының мамандары жол-көлік оқиғасы ықтималын азайту және өзін одан қалай қорғау керек жолдарын айқындады.

Жыл сайын Қазақстанда 15 мыңнан астам апат болады. Әр апатта, кем дегенде, бір адам жарақаттанады, ал әрбір жетінші адам өлімге ұшырайды. Статистика Комитетінің мәліметтері бойынша, еліміздегі ең апатты аймақ – Алматы. 2018 жылы Оңтүстік астананың 100 000 адамына шаққанда, 246 апат құраған. Ең «қауіпсіз» аумақ – Солтүстік Қазақстан облысы (100 000 адамға – 32 апат).
Қазақстанда жол апаттарының кең тараған себептерінің бірі – жол қозғалысы ережесін сақтамау. Алайда, апатқа ұшырау ықтималының көптеген факторлары бар. Ең өріс алғаны жол жүру ережесін бұзу, жылдамдықты асыру, алкогольдік және есірткелік мастану, шаршау, ауа райының күрделі жағдайларында жол жүру, қараңғы түскенде жүру, көліктің техникалық ақаулары және көру мүмкіндігінің жеткіліксіздігі.
«Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясының мамандары талдау жасап, апатқа ұшырау ықтималын азайту бойынша ұсыныстар тізімін дайындады.
ЖЖЕ сақтаңыз. Бұл ЖКО-ның ең кең таралған себебі. Жылдамдықты асыру, жүру барысында ұялы телефонын пайдалану, қарама қарсы жолаққа шығу – бұзу ережелерінің тізімі жетерінше ұзақ. Сондықтан, ЖКО ықтималын азайту үшін, ережелерді сақтаңыз! ЖЖЕ сақтауға жататыны: барлық жол жүру қатысушыларына ілтипат білдіру.
Алкогольдік және есірткелік мастану күйінде, көлікті басқармаңыз. Ұсыныс айқын болғанымен, оны көпшілік орындамайды. Сондықтан, масайған көлік басқарушылардың кінәсі бойынша, Қазақстан жолдарында жылсайын ондаған апаттар орын алуда. Өкінішке орай, кейбіреулері өлімге апаруда. Сәл мастанған халі, жүргізушінің реакциясына әсер етеді. Сәл мастану деген-қан құрамында 0,3 –0,5 промилеге дейін алкогольдың болуы. Бірақ біз, қан құрамында алкогольдің 0,3 промиле немесе одан кем болуы жағдайда да, көлік басқару мүмкін емес деп ескертеміз.
Автокөліктің техникалық ахуалын қадағалап байқаңыз. Көліктің кенеттен бұзылуы, ЖКО болуына кең таралған себептердің бірі. Сондықтан, арнайы техника (мысалы, автобус) жүргізушілері, жолға шығу алдында көліктің техникалық ахуалын тексеруге міндетті. Бұны жай көлік жүргізушілері де, назарына алуға тиіс. Және де, егер сіздер автокөліктің техникалық ахуалын тұрақты қадағаласыңыз, оны жөндеу шығындарын үнемдейсіз.
Көлік басқару барысында, ұялы телефонын пайдаланбаңыз. Зерттеу нәтижелері бойынша, көлік басқару барысында, ұялы телефонын пайдаланбау, апатқа ұшырау ықтималын 6 есе қысқартады. Бұл дәйек-жүру кезінде смартфонды шетке алып қоюға жағымды сылтау.
Жол жүрудің басқа қатысушыларына шыдамдылық білдіріңіз. Көлік басқару кезінде эмоцияларға берілу – бұл назардан, жинақталудан айырылу, бұның барлығы, ЖКО болу ықтималын ұлғайтатын фактор болып танылады. Сондықтан сабырлы болыңыз, басқаларға төзімділік көрсетіңіз.
Арнайы гаджеттер қолданыңыз. Көптеген замануи автомашиналарда ішіне ойып қондырылған гаджеттер көп, олармен көлікті басқару оңайға түседі. Мысалы, борттық компьютер немесе артқы көрініс камерасы. Егер сізге бірнәрсесі жетіспесе (мысалы, GPS-навигатор), оны кез келген дүкенде табуға болады. Бірақ, есіңізде болсын – бірде бір гаджет сізге толық қауіпсіздікке кепіл бермейді, сондықтын тек өзіңізге сеніңіз.
Алаңдамаңыз. Автокөлік аса қауіп көзі, ал көлік басқару – маңызды және үздіксіз жұмыс деп, бекер танылмайды. Бұл жүргізуші тарапынан аса назарлықты, жауапкершілікті талап етеді. Алаңдамау үшін, кез келген алаңдатушы құралдарын шегеріңіз: ұялы телефон, дауысты хабарламалар, радио, қондырылған теледидар.
Белбеуше тағыңыз. Бұл кеңес апатқа ұшырау ықтималын азайтпайды, бірақ, өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Әлбетте, белбеушені тек жүргізуші ғана емес, барлық жолаушылары тағуға тиіс.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу