8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Тамыз 2019 1819 0
Қоғам

ИГІЛІК БАСЫНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР

               Қазіргі таңда қыз-келіншектер қоғамның барлық саласында белсенді. Ауылдың ахуалын жақсартып, бизнесті өркендетіп жүргендердің ішінде де әйелдер көп. Сондықтан, олардың еңбегін елеп, келешегін кемелдендіру үшін маңызды қадамдар жасалуы қажет.  Бұл туралы сейсенбі күні облыстық мәслихаттың ғимаратында өткен Батыс Қазақстан облысының ауыл әйелдері форумында жан-жақты талқыланды.

           Шара Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Жасыл экономика» және GGlobalды дамыту Коалициясы» ЗТБ, GGlobalдың халықаралық хатшылығы, сонымен қоса халықаралық CocaCola қоры мен «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы ЗТБ-ның ұйымдастыруымен, әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссиясының қолдауымен өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, «Жасыл экономика» және G-Globalды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова қатысты.

 

Форумды жүргізген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бүгіндері халқымыздың 42 пайызы ауылда тұрса, олардың тең жартысы – әйел қауымы екенін атап өтіп,  ауылды өркендету мемлекетімізді дамытудың маңызды шарттарының бірі екеніне, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістеріне нәзік жандар маңызды үлес қосып жүргеніне тоқталды. Алдымен баяндама жасаған «Жасыл экономика» және G-Globalды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова: – Ауыл әйелдері форумы Ақ Жайық өңірінде алғаш рет өтуде. Бүгін ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ұйымдастыруға ықпал етіп жүрген кәсіпкерлердің басын қосудамыз. Олар өз жобаларымен бөліседі. «Coca-Cola Белестері» деген керемет бағдарламамыз бар. Бағдарлама әйелдерге экономикалық көмек көрсетеді. Жоба жеке кәсібін ашқысы келетін қазақстандық әйелдер үшін тамаша қадам.  Осы жоба

арқылы нәзік жандарға оқулық бағдарламасын беріп, конкурсқа шақырып, 4000 долларды жеңіп алуға мүмкіндік жасап отырмыз. Биыл көктемнен бастап қаладағы, ауылдағы көпбалалы аналарға 500 мың теңге қайтарымсыз несие беріле бастады. Сол қаржыға не жасауға болады, қандай кәсіппен айналысуға болады? Осы орайда көптеген бизнес жобаларды әкелдік. Форум аясында «Coca-Cola Белестері» байқауындағы жеңісі өміріне көп өзгеріс әкелген,  көңіл түкпіріндегі арманы орындалған жандар жетістіктерін ортаға салады. Өзі секілді замандастарын батыл қадам жасауға шақырады, – дей келіп, осы бағыттағы жаңа жоспарларын баяндады.  Бүгінде бесікті де, әлемді де тербетіп жүрген қазақ әйелі кәсіптің сан түрін меңгеріп алған. Қазіргі таңда AES (АҚШ) корпорациясының дрондарды қолдану жаһандық инновациялық бағдарламасының директоры Әсел Аяпова форум қатысушыларымен бейнебайланысқа шығып, қарапайым ауылдан шыққан қазақ қызының қайтпас қайсарлығының дәлелі ретінде бүгінде әлемдік деңгейде бағындырған жетістігімен бөлісті.  Бұл күні «Менің жетістігімнің тарихы» тақырыбында баяндама жасап, табыс кілтімен бөліскен ауыл әйелдері кәсіптерінің қыры мен сырын жайып салды.  Әсіресе өткен жылғы «Менің жетістігімнің тарихы – 2018» шеруі номинациясының лауреаты Бөрлі ауданындағы «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Светлана Мәутееваның жетістікке жеткен жолдары туралы әңгімелері жиналғандарға мотивация сыйлады. Қазіргі уақытта «Нұр» шаруа қожалығына ірі қара мал өсіру бойынша                    асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі берілген. Шаруашылық қазақтың ақбас және галштейн тұқымдас малын өсірумен де айналысады.                                                                                                                        2008 жылы шаруашылықта қазақтың ақбас  тұқымды 100 бас ірі қарасы және ондаған жылқы болса, қазір шаруашылықта 700-ге жуық ірі қара малы, оның ішінде 610 бас асыл тұқымды мал (қазақтың ақбас және симментал), 133 бас жылқы, 100-ден астам Еділбай тұқымды қой бар екен.  Форум соңында өңір бойынша өз табыстарымен лауреаттыққа үміткер, әлеуетті әйелдер алдағы қараша айының 7-8 күндері  Нұр-сұлтан қаласында өтетін Қазақстанның ауыл әйелдерінің екінші форумына делегаттыққа сайланды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Шолпанай ТҰРДЫШЕВА, қарағандылық кәсіпкер:

– Мен 2016 жылы «Coca-Cola белестері» әлеуметтік  жобасының жеңімпазы атандым. Алған грант қаржыма бір гектар аумаққа 2200 шаршы метрге жылыжай салдым. Сөйтіп голландық сұрыпты қызанақ және қияр егуді қолға алдым. Осы өнімнен жылына 7-8 миллион теңге табыс табамын. Дәл қазіргі уақытта 4-5 әйел адамды жұмыспен қамтып отырмын. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, өзім тұратын  Осакаров ауданының Молодежный кентінде екі шәкіртім бар, яғни үйренемін деп қызығушылық танытқан жас кәсіпкер әйелдерге өз білгенімді үйретуден жалықпаймын. Кәсіп ата-бабамыздан қалған. Сол себепті ауыл әйелдеріне үйде босқа отырмай картоп, қызылша отырғызыңдар, өйткені үйден өсіп шыққан өнім сұранысқа ие деп үнемі айтып жүремін. Ауыл қаланы асырайды. Ол түсінікті. Қазір еңбектенген адамға бар жағдай жасалған. Ештеңеден қорықпау қажет.  Мен алғашқы кәсібімді үйімнің жанынан бастадым. Ескі терезе ағаштарынан шағын жылыжай жасап, шағын бақша ектім. Алғашында көршілерім сатып алып жүрді, кейін дүкендерге көтерме бағамен тапсырдым. Кейін өзімнің бизнес жобамды ұсынып, кәсібімді кеңейттім.

Наталья МЕЛЮК, Ақмола облысының Заречный ауылдық округінің әкімі:

– Әйел-кәсіпкерлер өздерінің мүмкіндіктері толықтай ашылатын жағдай жоқ болса да, бизнесті басқаруда әлем бойынша толағай табыстарға жетіп отыр. Белсенді әйелдер – біздің негізгі күшіміз. Өйткені ауылды өркендетуде олардың үлесі зор. Заречный ауылында кәсіпкер он әйел 13 дүкен ашып, табысын дөңгелентіп отыр. Сондай-ақ мал шаруашылығымен де айналысып жүргендер көп. Әйелдер – отбасының тірегі, яғни мемлекет тірегі. Қыз, әйел – әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал анасы оның ең құрметті адамы. Көптеген әйел кәсіпкерлер жетістігінің рецепті қарапайым: жұмыс істеу және өз жұмысын жақсы көру.

Светлана МӘУТЕЕВА, «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі:

–   Алғашында өз кәсібімді кондитерлік өнімдер дайындаудан бастадым. Бірақ кейін баға тұрақсыздығы бизнесіме кері әсерін тигізіп, мал шаруашылығымен айналысуыма тура келді. 2008 жылы 77 бас қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын сатып алдым. Сөйтіп біртіндеп өз өндірісімді бастадым. Сүт өнімдерін саудаға шығардым. Осылайша кондитерлік тағамдарға да өнімді өзгеден сатып алмайтын болдым. Қазіргі таңда 1000-нан аса кондитерлік өнімдер шығарамын.  Әр күн сайын бизнесімізді кеңейтіп,   сұранысқа ие өнімдерді қатарға қосамын. Ең бастысы тұтынушыларға сапасы мен бағасы қолжетімді болуына мән беремін. Күні бүгінде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырмын. Бүгінгі күннің басты мәселесі – ауыл шаруашылығына жұмыс күшінің тартылмауы. Ауыл шаруашылығы – біздің болашағымыз. Балаларымыздың санасына бұл мамандық қорланатын емес, керісінше жетістікке жетелейтін сала екенін жеткізуіміз керек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
390 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
528 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
565 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
839 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
853 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
976 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1277 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1369 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1395 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1606 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1878 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2100 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2145 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2285 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»