8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2019 2939 0
Қоғам

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

№2029 Әскери бөлімінде кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.  Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы А.Мұқанованың айтуынша, оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нысан әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру мақсатын көздейді.

Оқу-жаттығудың дайындығы бойынша Әскери бөлімінің екінші қабатында қысқа тұйықталу нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын заңгердің бөлмесінде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық адам шығарылды. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына шығу ауданы нысаны орналасқан бірінші бөлімше келіп, зардап шеккендерді құтқаруға кірісті.№5 және 6 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері 8 зардап шегушіні өрттен шығарды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 6 негізгі, 2 арнайы техника бірлігі, 1 жол полиция экипажы, 1 аппатар медицина орталығы және 2 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында нысан күзеті мен өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу көзделген міндеттеріне және мақсатына жетті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»