Мектепке жол – 2019. ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ
Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында республика бойынша 11 жыл қатарынан 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша оқумен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі басталуынан бір ай бұрын, шілде айынан басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.
Ақцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуге.
Акцияның он бір жыл ішінде 178 359 бала 935 млн. 260 мың теңгеге материалдық көмек алса, 2018 жылы ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдардың, бизнес- қоғамдастықтардың, мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің, демеушілер мен меценаттардың көмегінің арқасында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан 11 127 бала жалпы сомасы 62 млн. 288 мың теңгеге материалдық және қаржылық көмек алды.
Биылғы жылы дәстүрлі акция (12-ші) «Мектепке жол» акциясы «Жүректен – жүрекке!» ұранымен өткізіледі.
«Мектепке жол» республикалық акцияны ұйымдастыруда және өткізуде бас әріптестік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның аумақтық бөлімшелері және «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі болып табылады.
Білім басқармасы облысымыздың барлық азаматтарын балаларды мектепке дайындауға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады!
Акцияға ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСУ АРҚЫЛЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ЖҮЗІНЕ қуаныш СЫЙЛАҢЫЗ!
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОН: 8(7112) 242623
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу