8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2019 1846 0
Өзек

БЕКІРЕ АУЛАҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы прокуратурасы балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде заңдылықтың сақталуына қажетті қадағалауды қамтамасыз етті. Осы жылы аумақтық инспекция және полиция қызметкерлерімен Жайық өзенінен заңсыз түрде жалпы салмағы 20,4 кг. болатын 25 дана бекіре аулаған 12 тұлға ұсталды.

Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қарауылтөбе, Шабдаржап ауылдарының бірнеше тұрғыны ау құралдарын пайдаланып, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 39-бабына сәйкес өзендерде бекіре балықтарды аулауға тыйым салу туралы талаптарын бұзған. Ақжайық аудандық сотының үкімдерімен кінәлі тұлғалар балық ресурстарын заңсыз алғаны үшін ҚК-тің  335-бабының 3,4-бөліктерімен айыпты деп танылып, оларға 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, шартты түрдегі жаза және 200 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды.

Сотталғандардан 10,9 млн. теңге материалдық шығын өндірілді. Алынған балықтар мен транспорттық құралдар мемлекет пайдасына тәркіленді. Ал қылмыс құралы болған ау, шана, күрек және тағы басқалары жойылды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Прокуратура заңсыз бекіре балықтарын аулағаны үшін Қылмыстық кодекстің 335-бабымен қылмыстық жауапкершілік және айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамау, бас бостандығын шектеу және айыру жазалары көрсетілгендігін ескертеді.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»