8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 2306 0
Өзек

ҰРЛАНҒАН 10 ВЕЛОСИПЕД ТАБЫЛДЫ

22-25 шілде аралығында Орал қаласы аумағында «Велосипед» атты жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Үш күн ішінлде велосипед ұрлығының 10 фактісі ашылды.

Жаз маусымы басталғалы велосипед ұрлығының көбейетіні жасырын емес. Себебі велосипед иелері көп ретте жеке меншігіндегі құралдарын кез-келген орынға қойып кетеді, ұзақ уақыт қараусыз қалдырады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысқан әккілер неше түрлі сұмдыққа барып,  ұрлап, келесі адамға арзан бағаға сатып үлгереді.  Әп-сәтте сатқан ақшаны жойып, өз кәдеме жараттым дейтіні тағы бар.

19 шілдеде,  сағат 11.30 бен 13.30 аралығында «Зачаганск» ауданы, М.Мөңкеұлы көшесіндегі бір үйдің 4-подьезі алдынан ақ-жасыл түсті рамасы бар «Стелс-710»  маркалы велосипеді ұрланды. Ұрланған велосипед иесінің айтуынша, 27 мың теңгеге сатып алған көрінеді. Осы ұрлық аталмыш іс-шара шеңберінде ашылып, ұрлаған күдікті туралы мәліметтер жинақталды. 1992 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, «Зачаганск» ауданының тұрғынын тәртіп сақшылары құрықтап, Шаған полиция бөліміне жеткізді. Ол ұрлыққа жол бергенін мойындады.

18 шілдеде орын алған тағы бір велосипд ұрлығы аталмыш іс-шара аясында ашылып, күдікті ұрлық жасағанын мойындады. «Зачаганск» ауданы «Қамбар батыр» көшесіндегі 6 подьезден қызыл түсті рамасы бар велосипедті  ұрлаған. Ұрланған зат өз иесіне қайтарылды.

2019 жылдың 6 айында 142 велосипед ұрлығы тіркелді. Соның  39-ы ашылды. 2018 жылдың 6 айында 84 велосипед ұрлығы тіркеліп, 14 велосипед табылып өз иелеріне кері қайтарылған.

Орал қ.ПБ тәртіп сақшылары  азаматтардан бағыт алған орынға желмен жарыса жетіп баратын велосипедтеріне мұқият болып, сақтық шараларын әркез назарда ұстауды сұрайды.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»