8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2019 1904 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Су объектілерінің санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде облыстық «Таза жағалау» акциясы өткізіліп келеді. Биыл алтыншы мәрте өтетін акция 27 шілдеде ұйымдастырылмақ. БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шәуенов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс тұрғындарын акцияға қатысуға шақырды. 

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі – Жайық өзенінің бассейні. Облыс халқының 75 пайызы тұратын 87 елдімекен осы өзеннің бассейнінде орналасқан. Жайық күніне орайластырылған аталмыш акцияға мемлекеттік мекемелер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, кәсіпорындар, балық шаруашылығы субъектілері, оқу орындары, жастар қатысады. Акция аясында Жайық өзенінің жағалауымен қоса аудандардағы Кіші және Үлкен Өзен, Шаған, Деркөл, Елек, Утва өзендері мен Шалқар, Еділсор, Рыбный Сокрыл көлдерінің және басқа да су айдындарының жағалаулары қоқыстан және тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылады.

Ал Орал қаласының маңындағы су айдындарының жағалаулары 13 учаскеге бөлінді. Қатысушылар осы учаскелер бойынша топтанып тазалық шараларын жүргізеді. Атап айтқанда,  Чапай атындағы бөгеуден Металлист зауыты аумағындағы жағажайға дейін, Металлист зауыты аумағындағы жағажайдан қолданыстағы жағалау насостық станциясына дейін, қолданыстағы жағалау насостық станциясынан автомобильдік көпірге дейін, автомобильдік көпірден 8-мектеп ауданына дейін, 8-мектеп ауданынан Стелаға дейін, Стеладан Соборға дейін, Собордан Хан тоғайына дейін, Хан тоғайындағы жағажайдан Шаған өзенінің сағасына дейін,  Коминтерн ауылындағы Жайық өзенінің жағасы, Шаған өзенінің жағасы (монументтен гидроторапқа дейін), Шаған гидроторабының төменгі бьефі, Деркөл өзенінің бөлігі Селекционный ауылы.

Басқарма басшысы Ринат Шәуеновтың айтуынша, өткен жылы «Таза жағалау» акциясына 18 650 адам қатысып, 360 бірлік техника жұмылдырылып, 968 тонна қоқыс шығарылған. Соның ішінде Орал қаласы бойынша 530 адам қатысып, 6 бірлік техника жұмылдырылды және қалалық полигонға 38 тонна қоқыс шығарылды.

– Экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосқысы келген кез-келген ниет білдірген адам акцияға қатыса алды, өйткені облыс тұрғындарына алдын-ала хабарлау жұмыстары жүргізілді. Тазалық акцияларын өткізіп тұру қажет деп есептейміз. Өйткені тұрғындардың назарын қоршаған ортаның ахуалына, соның ішінде су айдындары жағалауларының тазалығына көңіл аударту қажет. Осындай жиі және ауқымды өткізілетін тазалық акциялардың арқасында жауапты табиғат пайдаланушыны тәрбиелеуге болады, – дейді Ринат Сатымұлы.

Су айдындарының жағалауларын күл-қоқыстан тазаруымен қатар, әрбір азаматтың экологиялық мәдениеттілігі жоғарлап, қоршаған ортаға деген қамқорлығы молая түседі. Табиғат игілігі үшін бірнеше сағат ғана жүргізілген тазалау жұмыстарының арқасында туған өлкемізге пайдалы іс болды деп сенеміз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
168 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
365 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
363 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
887 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
905 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
926 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
947 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1317 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1441 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1472 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1747 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1759 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1887 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2179 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2279 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»