8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2019 1731 0
Өзек

МЕЙРАМХАНАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ

Бүгін, 22 шілде күні Оралдағы «Дорожный» мейрамханасында өрт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметнше, Әлия Молдағұлова көшесі бойындағы бір қабатты  «Дорожный» мейрамханасында орын алған оқыс оқиға туралы таңертеңгі сағат 9.35-те хабар түскен. Өрт мейрамханаға қосымша салынған монша жайынан шыққан.  Орын-жайдағы екі бөлменің ортасын бөлуге қолданылған ағаш аралық жанып, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімінен 13 өрт сөндіруші мен бес техника жіберілген.  Өрт сағат 10.09-да оқшауланып, сағат 10.42-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығын көлемі және кінәлі тұлғалар анықталуда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»