8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Шілде 2019 1943 0
Қоғам

560 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Орал қаласында дәстүрлі «Ашық әкімдік» шарасы өтті. БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев және облыс әкімінің орынбасарлары облыстық, қалалық басқарма-бөлім басшылары мен құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысуымен өткен қабылдауға сан түрлі сауалмен 600-дей азамат жүгінді.

Жыл басынан бері бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Ашық әкімдік» электронды кезек тәртібімен өтуімен ерекшеленді.

– Азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел және оңтайлы шешуде – «Ашық әкімдік» тиімділігін көрсетіп келеді. Бұған дейін өткізілген қоғамдық қабылдау шараларында 3000-дай азаматтың мәселесі тыңдалды. Бірқатарына кеңес беріліп, кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті мемлекеттік органға тапсырмалар берілді. Бүгінгі шарада алғаш рет электронды кезек жүйесі орнатылды. Бұл екі тарап үшін де қолайлы,  – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымов.

Шара барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев 110 адамды қабылдаса, 63 азамат өтініш-сұрақтарын шаһар басшысы Мұрат Мұқаевқа қойды.

Қабылдауға келушілердің басым бөлігі баспана, жер үлесін алу, тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты мәселелерді қозғады. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелермен келгендер көп болды.

 

Жыл басынан бері бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Ашық әкімдік» электронды кезек тәртібімен өтуімен ерекшеленді.

– Азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел және оңтайлы шешуде – «Ашық әкімдік» тиімділігін көрсетіп келеді. Бұған дейін өткізілген қоғамдық қабылдау шараларында 3000-дай азаматтың мәселесі тыңдалды. Бірқатарына кеңес беріліп, кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті мемлекеттік органға тапсырмалар берілді. Бүгінгі шарада алғаш рет электронды кезек жүйесі орнатылды. Бұл екі тарап үшін де қолайлы,  – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымов.

Қабылдауға келушілердің басым бөлігі баспана, жер үлесін алу, тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты мәселелерді қозғады. Шара барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев 110 адамды қабылдаса, 63 азамат өтініш-сұрақтарын шаһар басшысы Мұрат Мұқаевқа қойды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
43 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
93 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
280 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»