8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2019 3286 0
Жалын

«ЖАСЫЛ ЕЛ» САРБАЗДАРЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ

 Оралда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының екінші тобы жұмысқа кірісті.

  

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бағдарлама. Биыл облысымыз бойынша 1 175 сарбаз «Жасыл ел» қатарында еңбек етеді. Жасылелдіктердің негізгі жұмысы орман массивтерін қалпына келтіру, қоршаған ортаны сақтау, тал теректерді абаттандыру. Жасақтың облысымыздағы филиалының жетекшісі Аслан Тапишевтің айтуынша, алғашқы ауысымда 338 жас еңбек етсе, екінші ауысымда 618 ұл-қыз «Жасыл елге» қабылданған. Сарбаздардың барлығына арнайы киім берілді. Олардың айлық жалақылары  50-60 мың теңге аралығында.

Қала бойынша 400-дей жас жасақ қатарына тартылған. Олар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірге жұмыстанып,  ағаштарды кесу, абаттандыру, тиісті мекенді күл-қоқыстан тазарту, қалаға көрік берер гүлдер мен түрлі көшеттерді отырғызу жұмыстарына үлес қосуда. Сондай-ақ «Жәңгір хан» атындағы БҚАТУ 105 сарбазға жұмыс орнын ұсынып отыр.

Бейбарыс СҰЛТАН

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»