8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Шілде 2019 2915 0
Өзек

ДҮКЕННЕН КИІМ ҰРЛАНДЫ (видео)

Орал қаласындағы «Арзан» дүкенінен киім ұрлаған азамат ұсталды. 

1 шілдеде тәуліктің екінші жартысында  Орал қаласы Гагарин көшесіндегі «Арзан» дүкенінің иелері дүкенде ұрлықтың орын алғанын баяндап, полицияға хабарласқан. Киім ұрланғанын дүкен  сатушылары сағат 15.40 шамасында байқаған екн. Ұрлық орын алған аймаққа аттанған тәртіп сақшылары «Арзан» сауда дүкеніндегі бейнежазбаны алып қарады. Расында да өзге сатып алушылар киім-кешектер текшеленіп  салынған арнайы жәшіктерді аралап керектерін іздеп жатқан шақта айналасындағыларға сездірмей шетке қарай жиналған қызыл түсті спорттық костюмді жанына тығып, дүкеннен шығып кеткен. Бұл көріністердің барлығы бейнетаспаға айдан анық жазылған. Осы сәтте «Арзан» дүкенінің әкімгері 1992 жылғы азаматшаға 7 мың 600 теңге көлемінде шығын келді.

Жедел іздестіру шаралары аясында күдікті деп танылған 1976 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, А. есімді Орал қаласының тұрғыны ұсталды.

Қызыл түсті спорттық костюм дүкен иесіне қайтарылды. Оқиға орнынан бейнежазба алынды. Күдікті тұлға ұрлық жасағанын толықтай мойындады.  Күдіктінің  бірнеше рет  қалта ұрлығымен айналысқаны үшін бұған дейін де заң алдында жауапталғаны белгілі болды.

Бүгінгі күні Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөліміне сай (ұрлық) қылмыстық іс қозғады.  Тергеу амалдары жүргізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»