ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ЕКІ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ
Бүгін Орал қаласында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Оқиға Чаган-Набережный көшесі бойында болған. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Лада 2114» маркілі автокөлігі мен №5 бағыттағы қоғамдық көлік түйіскен. Автобуста 50-60 шақты жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы орнынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Жол-көлік оқиғасының себебі әзірге белгісіз.
Полицейлер жүргізушілерге жолаушылардың өміріне жауапты екенін ескертіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Версия для печати
Пікір үстеу