ЕЛ ҮЛЕСІНЕН 95-ШІ ПӘТЕР
БҚО-да «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 95-інші пәтер берілді.

Бас мүфтидің бастамасымен өткен жылы республика аумағында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Мақсат – мұқтаж отбасыларға баспана алып беру.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында өңірдегі екінші баспана Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласынан аз қамтылған отбасыға табысталды.
– «Ел үлесі – пәтерге» – тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға халық болып қаражат жинап, үй алып беруді көздейтін жоба. Осылайша, жоба аясында – Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мешітінің ұжымы және жамағатының қолдауымен аудан көлеміндегі мешіттерде жиналған қаражаттың арқасында жалғызбасты анаға Кеңтүбек ауылынан үй алып бердік. Осынау сауапты іске Бөрлі ауданының мешітінің жамағаты белсенді түрде атсалысты. Бізді қолдаған барша жамағатқа Сіздердің атыңыздан Алғыс білдіргіміз келеді. Бүгінгі қуаныш иесін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз. Қоныс құтты болсын,- деді өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов.
Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылынан баспаналы болған аз қамтылған отбасы баспанасыздықтың зардабын көп тартқан. Жомарт жандардың жәрдемінің арқасында осы жанұяға баспанамен қоса қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш және т.б тұрмыстық қажетті жабдықтар табысталды. Алдағы уақытта аудандық мешіт ұжымы жамағатпен бірігіп, жиһаздармен қамтамасыз етпекші.
Айта кетейік, аталмыш жобаны мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіріп жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда.
Үміт Жәңгірова, Бөрлі ауданы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу