8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2019 2753 0
Жалын

«JASTAR» футбол лигасы басталды

Екінші жыл қатарынан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облысымызда «JASTAR» футбол лигасы ұйымдастырылуда. Биыл лигаға 20 команда қатысуда. 

– Басты мақсат, әрине жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Және облысымызда күнделікті футболмен айналысатын жастардың санын арттыру. Қатысушы командалар арасында ауыл жастары, есту-сөйлеу қабілеті нашар мүгедектер, әлем чемпиондары да бар. Алғашқы ойындар 18 мамыр күні бастау алды. Лиганың ойындарына БҚО футзал ассоциациямен бекітілген тәжірибелі төрешілер қызмет атқаруда, – дейді «Jastar» футбол лигасының бас ұйымдастырушысы Жандос Сұңғатов.

Барлық ойындар спорт басқармасының қолдауымен әр апта сенбі, жексенбі күндері «Жастар» стадионында өткізілуде. Қазіргі таңда, лиганың топтық кезеңдері аяқталып, 20 команданың 8-і плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Лиганың ойындарына 2 апта үзіліс салып, сол аралықта еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай  «Jastar» футбол лигасының кубоктік ойындары өтетін болады. «JASTAR» футбол лигасының кубок жеңімпазы 6 шілде күні анықталмақ. Әзірге кубоктік ойындарға 11 команда тіркелген. Бас жүлде  100 000 теңге. Осы кубоктік ойындар аяқталған соң, лиганың плей-офф кезеңі жалғасатын болады. Қалған 8 команда өзара үздіктерді анықтайтын болады. «JASTAR» футбол лигасының жалпы жүлде қоры 300 000теңге.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»