ОЙНАП ЖҮРІП, ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАН
19 маусымда түнгі сағат 23.40-та Орал қаласы, «Самал» көшесі №115 мекен-жайының тұрғыны бір азаматша полицияға хабарласып, ойнауға шығып кеткен кішкентай ұлының үйге оралмағанын, көмектесулерін сұрап телефон соқты.

Ер баланың анасы кешкі сағат 18.30 шамасында 2011 жылы туылған баласының үйден шығып, көрші балалармен ойнауға кеткенін, үйден шыққанда үстіне киіп шыққан киімдерін, кеудесіне жасыл түсті жеңіл футболка, көк түсті қысқа шорты кигенін айтып полицияға баласы туралы сипаттама жасады. Түскен хабарлама бойынша «Жұлдыз» шағын ауданына қарай бет алған мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Руслан Габдуалиев пен учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Асылан Нықбаев осы аудандағы барлық көшелерді, жер үй сектор аулаларын аралап тексеріп шықты. Қызмет көрсететін аймақтарына жауапты екі инспектордан өзге 15 тәртіп сақшысы, 4 түнгі наряд құрамындағы сақшылар бірлесіп жұмыла іздеді.
Қараңғылық қоюланып, көз байланған шақта 2011 жыды туылған Хамит есімді баланы А.Нықбаев пен Р.Габдуалиев тау теке болып жиналған құмның үстінен сағат 00.55-те тапты. Кішкентай Хамит ойнап-ойнап, шаршап ойнап отырған жерінде ұйықтап қалған екен. Денесі мұздап тоңып оянған Хамит қасында ешкім жоғын біліп, қорқып бақыра жылаған. Баланың жылаған дауысы бойынша жүрген екі тәртіп сақшысы құм үстінен бүлдіршінді көтеріп алып, баланың табылғанын құзырлы мекемелерге хабарлаған.
Баланы жұбатқан полиция қызметкерлері жасөспірімді үйіне апарып, ата-анасының қолына табысады.
Ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, тынымсыз қызметтеріне табыстар тіледі.
Гүламан Исмагулова,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу