КӨЛІКТІ АЙДАП ӘКЕТТІ
Соңғы кездері облыс аумағында және қала ішінде жеңіл көліктердің қуылып айдалып кету фактілері жиіледі. Осыған орай, Орал қаласының полиция басқармасы 2019 жылғы 17-19 маусым аралығында «Айдап әкету» жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды.

2019 жыл басталғалы Орал қаласы ішінде 25 көлікті айдап әкету фактісі тіркелді, оның 19-ы ашылды.
14 маусымда қала аумағында көлікті айдап әкету фактісі тіркеліп, полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары кезінде ілезде ашылды. Сонымен қатар, екі күнгі шара аясында 2017 жылдың сәуір және мамыр айларында тіркелген көлікті айдап әкетуге қатысты 2 факті ашылды.
Мысалы, 2017 жылғы 6 сәуірде белгісіз тұлға М.Мөңкеұлы көшесі №81/1 мекен-жайындағы жер үй ауласында тұрған жасыл түсті «Фольксваген-Пассат» маркалы көлік рөліне отырып, айдап кеткен. 1985 жылғы Сергей есімді иесіне 500 мың теңге шығын келген еді. Аталмыш іс-шара аясында 1990 жылғы азамат ұсталып, теріс қылықтарын мойындады. Көлік өз иесіне қайтарылды. Көлікті белгісіз бағытқа айдап кеткен жас жігітттің қолынан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынып, әрекетін мойындады.
Жеңіл көліктердің қуылып айдалып кету фактілерінің жолын кесу, тосқауыл қою мақсатында көлік иелерінің көліктеріне мұқият қарап, арнайы автотұрақтарға қоюларын сұраймыз. Немесе дабылдатқыш қондырғыларымен жабдықтап, құрылғылар орнатуларын сұраймыз.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу